Балқаш қаласының ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде ақпан айының 16 күні қалалық дәстүрлі мектеп күні өтті.

Балқаш қаласының  ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде ақпан айының 16 күні қалалық дәстүрлі  мектеп күні өтті.Мектеп күнінің  бағдарламасы бойынша 1 блок «Функционалды сауатты мұғалім » . Жаңартылған білім мазмұнына көшкен  7 сыныптың  ұлдар тобына Мұратбеков Қайрат Қайыденұлы «Бұйымды дайындау. Материалдар мен бөлшектерді механикалық өңдеу» тақырыбында, қыздар тобында Құсайынова Жаңагул Қазбековна «Киім бөлшектерін пішу» тақырыптарында  ашық сабақтар беріп, оқушылардың бұйымды әрлеу әдістері бойынша дағды қалыптастыру және жетілдіру сапасының қыр сырын ашып көрсете білді.  СБР  тиімді пайдалану бойынша  сабақ фрагменттерін, биология,химия пәндерінен Өнербекова Жаухар Сериковна мен Дуанбекова Бақыт Қуандыққызы , алгебра пәнінен  Оспанова Бақыт , Қазақстан тарихы пәнінен Кенжебаева Алмагул Тлеукуловна  көрсетіп  мұғалімдер арасындағы кәсіби шеберліктерін  ғаламтор желісінде  түрлі цифрлық білім ресурстары мен кең жолақты интернеттің мүмкіншілігін көрсете білді.

 «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру «Оқулық беттерінен тыс» блогы негізінде  мектепте  « Өлкетану»  бойынша жианақталған дидактикалық материалдар мен оқу әдістемелік кешендердің тұсау кесері өтті. Бұл кешендерде мектепалды даярлық тобынан бастап жоғарғы буынға дейінгі сыныптарға арналған танымдық, ақпараттық оқу құралдарымен жинақтары  электронды ресурстары таныстырылып,қаламызға арналған «Балқаш» веб сайты жасалынды.

3 блок «Шығармашылық идеяларды тәжірибемен ұштастыруда» мектептің даму стратегиясы аясында жүзеге асып жатқан жобаларды стартап неізінде қорғады. «Тайм –менеджмент»жобасында мектепті кешенді басқару жүйесіндегі атқарылып жатқан істерге ақпар берілді.«Жас зерттеушілер алаңы» жобасында таңдау курстары,зерттеу жұмыстарының және ғылыми жобалардың қорғалу барысына тоқталып, жетістіктері аталып өтті. «Таным-медиа»жобасында мектептің «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен жасалған жыл басынан бергі толағай табыстары аталып,оларды «Балауса» мектеп газеті бетіне және телехабарлама арқылы оқушылар мен ата-аналарға жеткізіліп отырғаны баяндалды.Мектеп газеті мен телехабарлама вебсайтқа және ютубқа салынған. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында «Туған жерге туыңды тік», «Жүз жаңа есім»жобалары қорғалды.АКТ -ны жүзеге асыруда «Веб-квест»технологиясын  қолдану арқылы оқушылардың өздігінен білім алып жатқаны көрінді.Әлеуметтік –экономикалық мәселені шешуге жан-жақты қамтылған «Бірге жасайық» жобасы –нағыз стартап яғни оқушы өзінің идеясын еш қаржысыз жүзеге асырып жатқандығын баяндады.

Дата: 19.02.2018, 17:11 Автор: Школы и сады г. Балхаш