«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ Мектеп күні - 2018: «Қазақстанның жаңғыруы 3.0. – білімнің үлесі» тақырыбындағы мектеп күні іс-шарасының өткізілуі туралы ақпар

Мектеп күні іс –шарасында   4 блок қамтылды.. 

І. «Функционалды сауатты мұғалім»  бөлімі бойынша 4 пәннен  сабақ берілді.

 5А сыныбында  «Көркем еңбек»   пәні сабағын қыз балаларда Ж.Есенгелді өткізді.

Тақырыбы: Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк,квилт).

Сабақ барысында мұғалім  ширату жаттығуларын қолданды. «Гүл шоқтары»  ойыны арқыл өткен сабақты қайталап пысықтады. «Білім lend» порталынан алынған   бейнебаян арқылы жаңа сабақтағы орындалатын жұмыстың барысы түсіндірілді. Техникалық қауіпсіздік ережелері сақталды .  Сабақта жаңа білім мазмұнына сай жеке, жұппен жұмыс , топпен жұмыс түрлері, үш тілділік  ,  бағалау әдістері   қолданылды. 

 Ер балаларға   Н.М.Ильясов  «Сымнан бұйымдарды модельдеу» тақырыбында  өткізді. Оқушылар алынған өлшемдер арқылы бұйым дайындауға қажетті материалдарды қол еңбегі құралдарымен өңдеді.Сым темірмен  басқатырғыш, шынжыр, жануарлардың   пішіндері   жасалды.

 Білім беру ресурстарын оңтайлы пайдалану сабақтарын

жаратылыстану –математика бағыты бойынша 8 А сыныбында химия пәнін С.Төребекова  өткізді. Тақырыбы: Тотығу дәрежелері.

Сабақ барысында  https: //twig-bilim.kz  , https: // bilimland.kz , https: //study.com, https://ltarninggapps.org   интернет ресурстарын пайдаланды.

Қазақстан тарихы пәнін  9А сыныбында М.И.Жакупбеков өткізді. Тақырыбы:1970 – 1980 жж. Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстың байқалуы.Сабақта    «Миға шабуыл»  ,   «Венн диаграммасы» ,  сегізбұрыш  ,«Бес сұрақ»,  «Фишбоун немесе балық қаңқасы» әдістерін,   

K ahoot ,  http://www.tarih-begalinka.kz;  http://www.e-history.kz;

 http://bilimsite.kz/tarih/; интернет ресурстарын  қолданды.

ІІ. «Шығармашылық идеяларды тәжірибемен ұштастыру» бөлімі .

Жауапты : Б.М.Байсеркина.

 Стартап жобалар: «Speak up»   стартап жобасы.Өміртай  А.Б. Ағылшын тілі пәні мұғалімі,

« Оқу LAIF»  стартап жобасы.Сопыханова Г.Т., Албергенова Т.Д.,Қайып  Ә.Р. бастауыш сынып мұғалімдері,

«Таңғы жаттығудан флешбобқа дейін»  стартап жобасы. Жакупбекова С.А. және дене шынықтыру пәні мұғалімдері  Қанат Ұ.Е., Панарбеков С.П.,

Жанатов Д.Ж.  

«Жас  ғалым»  стартап жобасы. Ибрайбекова А.Н.

«Даму LAND»  стартап жобасы. Мектепалды даярлық топ тәрбиешілері - Мукашбекова   С.С. ,Айбосынова З.А. , Кайпбергенова С.А. 

«Smart - сынып»стартап жобасы, Тулеуова Л.Н.,  Амантаева   Н.Д.

ІІІ.. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру «Оқулық беттерінен тыс» , «Өлкетану» бойынша оқу – әдістемелік кешен  және дидактикалық материалдардың тұсаукесері

Жауапты: А.Н.Ибрайбекова

Т.Мақыш, мектеп кітапханашысы -  К.Махашова. – «Ұлы сарын» М.Хамзиннің шығармашылығы,  Б.Ө. Жумабекова  -«Туған жерге тағзым» ізденіс жұмыстарының кешені ,А.К.Аханова – «Мен тұратын қала» бағыты бойынша дидактикалық материалдар топтамасы.

ІV. «Рефлексия» бөлімі . 

Дата: 13.02.2018, 11:22 Автор: Білім бөлімі