Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде мектеп күнінің өтілуі туралы ақпарат

Ақпан айының алтысы күні Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде дәстүрлі мектеп күні аталып өтті.

Бірінші  «Функционалды сауатты мұғалім» бөлімінде  жаңартылған білім беру мазмұны аясында 5-7 сыныптарда «Көркем еңбек» пәні сабақтары 7 Б сыныбының қыз балаларымен бірінші санатты мұғалім Токтаубаева Кульбаршын Жумашевна «Материалдар мен құралдарды дайындау» тақырыбында, ұл балалармен жас маман Маратұлы Аслан  «Ағашты механикалық өңдеу жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халқына жолдауында атап көрсеткендей білім беру жүйесін жаңғырту кезінде оқыту үдерісіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, сандық білім беру ресурстарын (СБР) белсенді қолдану және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды міндетті түрде пайдалану міндетін жүзеге асыруда өз сабақтарында тиімді пайдаланды. Оқушылардың білім, білік дағдыларын жетілдіруде, сыни көзқарастарын дамытуда жүйелі нәтижеге бағытталған жұмыс түрлерін қолданды.

Сонымен қоса «Сабақ барысында сандық білім беру ресурстарының тиімді пайдалану жолдары» бөлімде. Осы бөлімнің жүзеге асырылуына жаратылыстану –математика бірлестігінің мұғалімдері: Шайхенова К., Меирбекова Т., Жагипарова Н., Сағатбекова Г.Б. 8 сыныпта, гуманитарлық пәндер бірлестігінен Айдарханова Г.О., Ныгыметжанова К.К., Мусаханова Д.Ж., Бөлеген Ж. 9 сыныпта  сабақ барысында СБР-н тиімді пайдалану жолдарымен бөлісті. Мектебімізде СБР-ді қолдану интернет желісіндегі сайттар арқылы дүзеге асырылуда. Мысалы, Bilimland.kz iTest.kz iKitap.kz Ikitap bilimpaz.kz Interneturok.ru LearningAppa.org Plicers.com Prezi.com тағы басқа сайттар.

Бұл сайттар оқушының бойына ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік бере отырып, сабақты түрлендіруге, қызықты өткізуге мүмкіндік бере отырып,сабақты түрлендіруге, қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Осының нәтижесіндеоқушының ойлау қабілеттерін арттырып,ізденушілігі дамып, белсенділігі артады және ақпараттық сауаттылығын, құзырлығын қалыптастыруда үлкен көмекші құралға айналып отырғанына көз жеткізді.

Екінші бөлімде «Өлкетану» бойынша оқу-әдістемелік кешен және дитактикалық материалдарының тұсаукесерін курс жетекшісі Сүлейменова Шолпан Нұржанқызы көрсетті. Мектеп мұражайы мен кітапханасының қызметіндегі жүргізіліп жатқан өлкетану, зерттеу жұмыстарымен таныстырды.

Үшінші бөлімде 2016-2019 жылдарына арналған мектептің даму стратегиясы бойынша мектебімізде 6 жоба жұмыс жасап жатыр. Биылғы 2017-2018 оқу жылында 2 Startup жобасын іске асырғалы жатырмыз. Олар: «Кәсіби бағдар-25» және «Азаматтану» жобалары. Мектеп күнінде бұл жобаларды 8А сынып білім алушылары Талғат Арнұр мен Ғинаятова Аружан қорғады. Сонымен қатар мектебімізде «Оқуға міндетті 100 кітап» жобасы аясында «Букроссинг» қозғалысы жүргізіліп жатыр. Акцияны 4 сынып білім алушылары қорғады. 

Дата: 7.02.2018, 12:43 Автор: Школы и сады г. Балхаш