«Критериалды бағалау: қалыптастырушы және жиынтық бағалау»

2018жылдың 27 қаңтары күні Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес білімнің жаңаруы бойынша қала координаторлары Айнекова Салтанат Аманбаевна мен Гапич Ирина Владимировнаның ұйымдастыруымен №17 орта мектеп базасында «Критериалды бағалау: қалыптастырушы және жиынтық бағалау» атты қалалық семинар-тренинг өтті.

Семинарға қала мектептерінде орыс тілінде оқытылатын 1-2 сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдер қатысты. №17 орта мектептің теренері, жоғары санатты тәжірибелі ұстаз Ким Елена Олеговна бағалаудың жаңа түрі бойынша практика ұсынып, таратпа материалдар таратты. Жұмыс барысында мұғалімдер тағы бір мәрте жиынтық бағалауды жүргізу және рәсімдеу бойынша ойларын ортаға салып, қазіргі кездегі болып жатқан проблемалардың шешу жолдарын бірігіп отырып талқылады. 

Дата: 29.01.2018, 15:28 Автор: Школы и сады г. Балхаш