Метапәнділік – оқушының функционалды сауаттылығын арттырудың негізі»

 «Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ 22 қараша күні облыстық «Біздің мүмкіндіктер» атты облыстық байқауы аясында «Метапәнділік – оқушының функционалды сауаттылығын арттырудың негізі» тақырыбында онлайн-семинарға қатысты. Білім алушыларғы білім үстінен білім бере отырып, тұлға бойындағы құндылықтарды ашу арқылы бір ғана пәндік білім емес, жан-жақты, өмірмен байланысты кіріктірілген білім беру арқылы метатұлға қалыптастырудың тәсілдерін практика жүзінде көрсетті.Метапәнділік құрылымындағы «Белгі», «Білім», «Мәселе», «Тәсіл» түсініктерін көркем шығармадағы Қожа бейнесін метапәнділік тұрғысынан сипаттап, әдебиет пәні арқылы басқа ғылымдарды кіріктіре отырып, семинарға қатысушылар өз ойларын жүйелі жеткізе алды. Сондай-ақ оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруда кітап оқудың маңыздылығын дәлелдей отырып,  метатұлғаны тәрбиелей алатынымызды  тәжірибе жүзінде көрсете білді.

Дата: 22.11.2017, 12:15 Автор: Школы и сады г. Балхаш