«Өрлеу» жаңартылған білім мазмұнымен» тақырыбында

«Өрлеу» жаңартылған білім мазмұнымен» тақырыбында

Бүгін, яғни 17.11.2017ж Қарағанды облысы Балқаш қаласының білім бөлімі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  АҚ филиалының ұйымдастыруымен «Өрлеу» жаңартылған білім мазмұнымен» тақырыбында  әдістемелік десант өтті. Өткізілген десанттың мақсаты Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдерге курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету болды. Осы десантта 14 ашық сабақ, пән мұғаілімдеріне арналған 10 шеберлік  сыныбы өткізілді. Соңынан рефлексияда  қала мектеп мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасау бағыты дұрыс жолда екендігі айқындалды. 

Дата: 17.11.2017, 10:56 Автор: Школы и сады г. Балхаш