«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары» атты семинар

2017 жылдың 1 қарашасында Балқаш қаласы білім мекемелеріндегі 1 сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдерге арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары» атты қалалық семинары болып өтті. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы базасында өткізілген семинарға барлығы 34 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты. Мақсаты: бағалау және оны рәсімдеу жолдарын тәжірибелік тұрғыда көрсете отырып, тәжірибе алмасу. Семинар екі бөлімнен тұрды: қалыптастырушы бағалауды жүргізу əдістеріне теория жүзінде тоқталса, екінші бөлімінде теория практикалық жұмыстармен ұштастырылды. Білім бөлімі әдіскері тарапынан критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісі мен əдістемелік бірлестік жетекшілерінің міндеттеріне тоқталып, 2 жартыжылдықта басталатын жиынтық бағалаудың ерекшеліктерін атап өтті. Қала мектептерінің ұстаздары қалыптастырушы бағалау бойынша білімдерін ортаға салып, əріптестерімен ой бөлісті.

Дата: 1.11.2017, 11:03 Автор: Школы и сады г. Балхаш