Байқау қатысушысы №8 орта мектептің мұғалімі Рысқұл Әсем Қайдарқызы

2017 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2017" іс-шарасы бастау алды. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. Осы орайда 10 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдері іс-шараның алғашқы күнін бастады. 4 ашық сабақ көрсетілді. Комиссия тарапынан әр сабақ 10 критерий бойынша бағаланды. Олар: сабақ барысында функционалдық сауаттылықты дамыту мүмкіндігі, тиімді кері байланыс жасай алу, мұғалімнің шеберлігі, сабақтың тәрбиелік мәні т.б. Байқау қатысушысы 8 орта мектептің мұғалімі Рысқұл Әсем Қайдарқызы 7 мектеп-гимназияның 3ә сыныбында дүниетану пәнінен, "Сезім мүшелері" тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақта ынтымақтастық атмосфера, кұпия конверт, жұптық әңгіме, топтық жұмыс, түйінді ой стратегияларын пайдаланылды. Теxникалық құралдар, ресурстар қолдану арқылы оқушылардың белсенді қатысуымен сабақ өз мақсатына жетті. Адам бейнесіне сезім мүшелерін салып мен үшін маңызды және қызықты болды, мен нақты нұсқаулар алдым, маған қиын болды деген нұсқаулар бойынша рефлекция жүргізілді.

Дата: 17.10.2017, 12:16 Автор: Школы и сады г. Балхаш