Жаңалықтар

"Әсемдік әлемі" атты эстетикалық сауаттылық апталығы жұмысын бастады...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-16 10:58:45
    14-18 қараша аралығында мектебімізде "Әсемдік әлемі" атты эстетикалық сауаттылық апталығы жұмысын бастады. Мақсаты: оқушыларды еңбекке және музыка әлеміне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, қолөнер арқылы қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Апталықтың ашылуына әдістемелік бірлестіктің пән мұғалімдері «Балалар шығармашылығы» көрме ұйымдастырып, қолөне...

«Ұлттық валюта – Теңгемізге 30 жыл» атты танымдық сағаты өтті...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-16 10:53:43
«Ұлттық валюта – Теңгемізге 30 жыл» атты танымдық сағаты өтті...
    14 қараша күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында 3 сыныптар арасында «Ұлттық валюта – Теңгемізге 30 жыл» атты танымдық сағат өтті. Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да 30 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Балалар өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай,...

«Абайтану» олимпиадасы...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-16 10:51:57
«Абайтану» олимпиадасы...
    2022-2023 оқу жылының қазан айында «Мұрагер» республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен «Абайтану» олимпиадасына «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинация бойынша 8 «А» сынып оқушысы Ашикбаева Нурайым қатысып, І орын иеленді. Жетекшісі Сыздыкова Индира Нуртайевна.

«Әр баланың құқығы бар» сурет байқауы ұйымдастырылды...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-11 17:17:23
«Әр баланың құқығы бар» сурет байқауы ұйымдастырылды...
    2022 жылдың 11-ші қарашасында мектебімізде барлық сыныптар арасында «Әр баланың құқығы бар» сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Әрбір бала аман-сау өсіп, жан-жақты дамуына және өзіне есім мен азаматтық алуға, өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге, тегін білім алуға, өз ойын еркін айтуға құқылы екенін жеткізу. Байқау нәтижесінде: жоғарғы буын арасында...

"Ақберен" байқауының облыстық кезеңінде 1-орын...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-11 17:15:16
    Сүйінші!!! 11 сынып оқушысы «Эссе жазу» номинациясы бойынша «Ақберен» байқауы қалалық кезеңнің 1-орын жүлдегері, Разакова Замира, 11 қараша күні байқаудың облыстық кезеңіне қатысып, Республикалық кезеңге жолдама алды. Замира мен жетекшісі Есімбекова Әсел Тиішбекқызын құттықтаймыз! IX республикалық «Ақберен» байқауын «Дарын» респуб...

Мектеп инспекторы А. Қ. Қасымжанова 9-сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ» тақырыбында әңгіме өткізді...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-11 17:11:13
Мектеп инспекторы А. Қ. Қасымжанова 9-сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ» тақырыбында әңгіме өткізді...
    11 қараша күні мектеп инспекторы А. Қ. Қасымжанова 9-сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ» тақырыбында әңгіме өткізді. Мақсаты: адамзат қоғамының өмірін реттейтін ережелермен таныстыру; оқушылардың мәдениеті мен тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру. Міндеттері: мектепте, көлікте, кеште, кітапханада өзін-өзі ұстау туралы білімдерін жүйелеу; өз...

«Жастар – ел тірегі» атты пікір алмасу сағаты өтті...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-10 16:31:19
«Жастар – ел тірегі» атты пікір алмасу сағаты өтті...
    10 қараша дүниежүзілік жастар күні. Еліміздің қозғаушы күші, оның үміті мен болашағы жастар екені анық. Осыған орай № 3 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Михаил Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында жоғарғы сынып оқушыларымен «Жастар – ел тірегі» атты пікір алмасу сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы қатысушыларға жас қазақстандықтардың алдында а...

«Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» атты кітап көрмесімен таныстырылу өтті...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-10 14:39:51
«Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» атты кітап көрмесімен таныстырылу өтті...
    10 қараша күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы- адам құқығы» атты онкүндік аясында ұйымдастырылған «Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» атты кітап көрмесімен таныстырылу өтті. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға, әрбір бала өз отбасында ата-ан...

«Мәңгілік елдің салауатты ұрпақтары» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-10 14:37:28
«Мәңгілік елдің салауатты ұрпақтары» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді...
    20 қараша күні аталып өтетін Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндік аясында 9 қараша күні Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, өз денсаулықтарына ден қоя білуге, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу мақсатында 6-8 сынып арасында «Мәңгілік елдің салауатт...

20 минут кітап оқу дәстүрге айналған...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-08 16:52:07
20 минут кітап оқу дәстүрге айналған...
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша мектеп-интернатында әр сейсенбі мен жұма сайын сабақ басталмас бұрын 20 минут кітап оқу дәстүрге айналған. 2022-2023 оқу жылында да осы жақсы үрдіс жалғасын табуда. Оқушылар оқыған кітаптары туралы оқырман күнделігіне жазып, бір бірімен пікір алмасады.

Сайыстың қорытындысы бойынша мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Ахметова Д. Д «Ең үздік сабақ» номинациясымен марапатталды...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-08 11:11:41
Сайыстың қорытындысы бойынша мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Ахметова Д. Д «Ең үздік сабақ» номинациясымен марапатталды...
    2022 жылдың 7 қарашасы күні “Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы” сахнасында Балқаш қаласының білім бөлімі және қалалық педагогтар Ассоциясының ұйымдастыруымен қалалық «Жыл мұғалімі - 2022» байқауының 3-ші кезеңі өткізілді. «Жыл мұғалімі» байқауы педагог кәсібінің дәрежесін көтеріп қана қоймай, мұғалімдердің жеке әлеуетін жалпыға көрсетуге ба...

Эвакуациялау бойынша жоспарлы оқу-жаттығулары...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-11-07 16:19:39
Эвакуациялау бойынша жоспарлы оқу-жаттығулары...
   2022 жылдың 7 қараша күні төтенше жағдайлар кезінде мектеп оқушыларын, педагогтер мен техникалық персоналды эвакуациялау бойынша жоспарлы оқу-жаттығулары өткізілді. 1-11 сыныптарда мектепте өртке қарсы қауіпсіздік ережерін сақтау бойынша сынып сағаттары өткізілді.

бiрiншiсi 1 13 14 15 16 17 159 соңғысы