Ы. Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы ақпар

 2018-2019 оқу жылының басында «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша   1-10 сынып оқушыларын тамақтандыруды  ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылды.Білім алушылардың тамақтану кестесі,жауапты мұғалімдер, тазалық жұмыс кестелері ілінген.   Аз қамтамасыз және көпбалалы отбасы тізіміндегі білім алушылар саны қыркүйек  айы бойынша -44. Барлығы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

 Мектеп медбибісі қүнделікті  тәуліктік тағам сапасын тексеріске алып отырады. Сонымен қатар ыстық тамақтанумен қамтамасыз етуі бойынша ай сайын есеп беріліп, мониторинг жүргізіліп отырады. Тамақ сапасының ас мәзіріне сәйкес келуін бракеражды  комиссия құрамы тексеріп, айына екі рет акті жасалып, хаттама толтырылады. Комиссия құрамында мектеп медбибісі, әлеуметтік педагог, ата – аналар кеңесінің төрайымы бар.

Сан Пин 16.08.2017 ж №611 бұйрығы   бойынша асхана санитарлық талапқа сай. Асханада  аспазшы-1, көмекші аспазшы-1, ыдыс жуушы-1.2018 жылдың тамыз айында асхананың ыдыс жууға арналған 3 ванналардың крандары  жаңартылып, жаңа пластикалық трубалар ауыстырылды. Сондай–ақ қосымша 1 балаларға арналған қол жуатын раковина қойылды. Асхана қызметкерлері 2018-2019 оқу жылына санитарлық тексерістен толық өтті. Санитарлық талапқа сай мынадай құжаттар жүргізіліп отырады: асхана қызметкерлерінің денсаулығы туралы журнал, «С» дәрумені журналы, тез бүлінетін тамақтың сапасын қадағалап отыратын журнал, дайын тамақтың сапасын тексеру журналы. Перспективалық екі апталық ас мәзірі,буфеттік өнім түрлері бекітілген.Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмейді.Екі  жетілік тамақтану рационына ет, балық,құс еті, көкөністер қатық, айран енгізілген. Күн сайын тамақ ішетін залда мектеп басшысымен бекіткен ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың атауы , әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі.Күн сайын ас блогында аспазшы ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады.  Асханада жууға арналған заттар жеткілікті. Техникалық жабдықтарға маркировка жасалынған. Медбибі асханаға әкелінген тағамдардың сапасын және сертификаттарын, сақтау мерзімін, жасалу технологиясын қадағалап отырады.