«Қыс мезгілінде білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы»

 

 

  Ата-аналар назарына!

Сабақты тоқтату туралы шешім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қарағанды облысының білім басқармасының 2018 жылғы 05 желтоқсандағы №11-18.5272 хатына сәйкес қабылданады.

     Сабақ тоқтатылатын ауа райының жағдайы мен температуралық режимі анықталды.

     Анықтамалық: келесі ауа райына байланысты бір жағдай туындаған жағдайда ұйымдарға сабақтар тоқтатылуы мүмкін:

     облыстың 0-4 сыныптарында:

     1) ауа температурасы 250С және одан төмен болған жағдайда және 2 м/с жел соққанда;

     2) боранмен 17 м/с және одан да жоғары жел соққанда;

     3) қатты тағақ болғанда, егер оқушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе;

     облыстың 5-9 сыныптарында:

     1) ауа температурасы 300С және одан төмен болған жағдайда және 2 м/с жел соққанда;

     2) борамен 20 м/с және одан да жоғары жел соққанда;

     3) қатты тайғақ болғанда, егер оқушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе;

     облыстың 10-11 сыныптарында, коледждің 1-2 курстарында:

     1) ауа температурасы 350С және оданда төмен болған жағдайда және 2 м/с жел соққанда;

     2) боранмен 25 м/с және одан да жоғары дауылда жел соққанда;

     3) қатты тайғақ болғанда, егер оқушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе.

     Оқушыларды және олардың ата-аналарын хабарландыру бойынша білім бөлімдерінің, білім ұйымдарының директорларының және педагогтарының ісқимылы және міндеттері жазылған.

     Анықтамалық: сабақтың тоқтатылуыжәне ауа температурасы туралы хабарландыруды білім бөлімдері, колледж директорлары ұсынады және жеткізеді:

1) қалалардағы теледидарда жүгіртпе жол түрінде;

2) қалалар мен аудандарда радиода тарату арқылы;

сағат 6:45-8:00-ге дейін – бірінші ауысым үшін, сағат 11:15-13:00-ге дейін – екінші ауысым үшін.

1)169 телефоны (ақылы анықтама) бойынша;

2) әкімдіктің, аудан, қала білім бөлімдерінің және колледждердің сайттары арқылы;

3) әлеуметтік желілерде;

4) мектептегі кезекші, сынып жетекші немесе мектеп әкімшілігі арқылы;

5) әкімдіктің дисптчерлік қызметі арқылы.

 

Мектеп әкімшілігі