«Балқаш қаласы М. П. Русаков атындағы жалпы білім беретін № 2 санаторлық мектеп-интернаты» КММ директоры

 

 

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Рахимберлина Замзагуль Нарымбековна

2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатының директоры

3. Туған жылы мен жері: 28.05.1958 ж., Балқаш қ.

4. Ұлты: қазақ

5. Білімі: жоғары

6. Жалпы жұмыс өтілі: 31 жыл

7. Саладағы жұмыс өтілі: 31 жыл

8. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі10 жыл

 

 

 

Замзагуль Нарымбековна 1958 жылы 28 мамырда Балқаш қаласында дүниеге келген. Ұстаздық жолды таңдаған З.Нарымбековна 1982 жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтын шет тілі мен ағылшын тілі мамандығы бойынша аяқтады.

  Ұстаздықтың ауыр жүгін адал орындауды парызым деп санаған З. Нарымбековна алғашқы еңбек жолын Жезқазған қаласындағы №2 мектептен бастады. 1986 жылы Балқаш қаласына келіп, қызметін №17 орта мектептің неміс тілі пәні мұғалімі ретінде жалғастырды. Ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, озық педагогика үлгілерін үйрене жүріп, ізденіске толы ұстаздық қызметін абыроймен атқарып, 1987 жылы қатардағы мұғалімнен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауысты.

1995-2000 жылдар аралығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ал 2000-2008 жылдар аралығында директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.

Өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, өзінің іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетінің, тынымсыз ізденіс пен еңбегінің арқасында 2008 жылы №2 мектеп-интернатының директоры болып тағайындалды. Бүгінде мектеп-интернатының өркендеуіне бар күш жігерін жұмсауда. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда, санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартуда, оның беделін көтеруде еңбегі өте зор.

Замзагуль Нарымбековна – өз ісін жетік меңгерген іскер ұйымдастырушы, жоғары деңгейдегі тәлімгер, жаңашыл, принципшіл, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін білгір басшы. Үнемі ұжыммен ақылдасып, ұжымды бірлікке, ынтымақтастыққа шақырып, заманауи технология мен оның әдіс-тәсілдерін оқып үйренуге, қолдана білуге бағыт-бағдар беріп, қиындықты жеңудің жолдарын көрсетіп отырады.