Оқушылардың тамақтануы және асханада санитарлық-гигиеналық режимінің сақталуы туралы ақпарат

 

Балқаш қаласы М. П. Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп-интернатында тамақтандыруды ұйымдастыру іс-шаралары жақсы қамтылған. Білім мекемесінде 400 оқушы білім алады. Барлық бала ыстық тамақпен тегін тамақтанады.

Тамақтану сапасы  құрамын міндеті түрде мектептің медициналық қызметкері  тексереді брекераждық комиссия бақылайды. Бракераждық коммиссияның рұқсатынсыз дайын өнімдерді асханаға жіберуге жол берілмейді. Күнделікті  жұмыс күнінің басында мектеп медбибісі  асхана қызметкерлерін  іріңді аурулар, ангина бар-жоғына тексереді және Денсаулық журналын жургізеді. Терінің іріңді аурулары бар, кесілген, күйген, терісі сыдырылған жерлері іріңдеген, сондай-ақ инфекциялық аурулармен ауырған және инфекциялық ауруларға күдікті жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді. Тексеріп-қарау нәтижелері арнайы журналға енгізіледі. Сонымен қатар ас блогына түсетін тез бұзылатын өнімдердің сапасын анықтайтың сертификатар талап етіледі. Ас  мәзірі Балқаш қаласының тұтынушыларды құқықтарын қорғау басшысымен бекітіледі үш апталық ас мәзірі ақпаның тоғызынан бастап қолданысқа енді. Асханада сыныптардың тамақтану уақыты мектеп директорының келісімімен бекітілген.

Асхана бұрышы: күнделікті ас мәзірі, тамақтан уланудың алдын-алу, оқушының жеке бас гигиенасы, аспазшы кеңесі, жедел ішек ауруларының алдын-алу туралы жаднамалармен безендірілген. Ас мәзірі қайталанбайды, ІІІ-тағамға «С» дәрумені қосылады, оқушылардың денсаулығына пайдалы көкөністерден әртүрлі салаттар жасалып тұрады. Тамақтану бөлмесінде жеке үстелде қайнаған ауыз су күні бойы үзілмейді. Қолданылған және таза стақандар  арнайы табақта тұрады. Мектеп медбибісі оқушылардың дұрыс тамақтануын және тағамдардың дұрыс дайындалуын үнемі қатаң қадағалап отырады. Асхананың жұмысы, тамақтың сапасы, оқушылардың дұрыс тамақтануын бракераждық комиссия қадағалап отырады және бракераж комиссиясының актілері арнайы журналға тіркелген.

Мектеп асханасы орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған.

Ыдыс жууға арналған щеткалар мен шүберектер жұмыс аяқталғаннан кейін тазартылады, жуу құралдарын қосу арқылы температурасы +45оС ыстық суға салынады, ағынды суда шайылады және кептіріледі.

  Жұмыс күнінің соңында барлық асханалық, шай ыдыстары, аспаптар дезинфекциялау ерітіндісіне салынады, содан соң ыдыс ағынды сумен мұқият шайылады. Таза асханалық ыдыс пен аспаптар шкафтарда және торларда сақталады.  Асхана жұмыскерлеріне жеке және арнайы киім мен аяқ киімді бөлек сақтауға арналған киім ілетін және киім ауыстыруға арналған шкаф бар.

Қызметкерлерге арналған арнайы киімнің 3 жиынымен қамтамасыз етілген. Салқын тағамдарды өндіруде персонал бір рет қолданылатын қолғаптармен жұмыс жасайды.

Асхананың әр жұмыскерінің медициналық тексеріп-қараудан өткендігі, гигиеналық оқытылғаны және жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшасы бар.