«Бақытты балалық шақ» онкүндігінің қорытынды ақпары

     2019 жылдың 06 ақпаны мен 16 ақпаны аралығында «Бақытты балалық шақ» онкүндігінің жоспары құрылып, жоспарға сай іс –шаралар өткізілді.

      Онкүндіктің мақсаты –оқушыларының құқықтық  мәдениетін, құқықтары туралы білім деңгейлерін, сонымен қатар ата –аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

       Онкүндік аясында  информатика пәні мұғалімі Т.Д.Мұқаметжан2019 жылдың 11 ақпаны күні «Әлеуметтік желілер, интернет ойындар, жат ағымдардан аулақ бол» тақырыбында оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін ақпаратты насихаттау мақсатында тақырыптық стенд рәсімдеді.«Интернетте қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?», «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым – қатынас этикасы», т.б. тақырыптарда 5 - 11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттарөткізді. 

2019 жылдың 12 ақпаны күні 7-8 сыныптар арасында информатика пәні мұғалімі Т.Д.Мұқаметжан «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбында топтық жарыс өткізді.  Оқушылар интернет желісінің пайдасы мен зияны туралы бір –бірімен пікір алмасты.

     2019 жылдың 14 ақпаны күні 7-11 сыныптар арасында мектеп инспекторы Жандыгулов Канат Жакипбекович пен әлеуметтік педагог Төлеген Жазира Манатбекқызы «Зорлық және зомбылық» тақырыбында дәріс өткізілді. Оқушыларға зорлық - зомбылық туралы мағлұмат беріп, адамның ең жаман қасиеті екенін айтты. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйретті. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндірді.Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиеледі.

    2019 жылдың 15 ақпаны күні директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.К.Шакижанова «Интернетте баланың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбында  ата –аналар кеңесінің мүшелерімен семинарөткізді. Ата –аналармен балаларының кіруге болмайтын сайттарды блокқа салып қойын, өзі туралы ақпарат беруде бала ата-анасымен кеңесуін, ата-ананың рұқсатынсыз бала ғаламтордан ештеңе жүктемеуін, бала ата –анасына ғаламтордағы достары туралы айтып тұруын, баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден сізге айтуын қадағалаңыз.