5.09 – 12.09 қыркүйек аралығында Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған апталықтың есебі

 

Тақырыбы:«Тіл тұтастығы –ел тұтастығы»

Мақсаты: Мемлекеттік тілді кеңінен қол­да­нуын насихаттау, тіл – тату­лықтың, достықтың тетігі, тәр­биенің көзі, халықты бі­ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын­дыру.

Тіл апталығы 5 қыркүйек күні апталықтың ашылуымен басталды. Қоғамдық-гуманитарлық бірлестік жетекшісі Б.Т.Адамбаева оқушыларды мерекемен құттықтап, апталықтың жоспарымен таныстырып, апталыққа барлық сыныптың ұйымшылдықпен атсалысуын ескертті. Мектептің бірінші қабатында «Ұлттың ұлылығы тілінде» атты бұрыш ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында «Тіл – халықтар достығының кепілі» атты кітап көрмесі жасалды.

06.09 күні  Бастауыш сыныптары арасында «Ана тілің – арың бұл» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар мәнерлеп, нақышына келтіре ана тілі, мемлекеттік тіл туралы қлеңдер оқыды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Осы күні орыс тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Лингвистический бой» тақырыбында орыс тілінде сайыс өткізілді. Бұл сайыста оқушылар орыс тілінен білімдерін көрсетті. Сонымен қатароқушылар ана тілдері мен шет тіліне де жетік екендерін дәлелдеді..

07.09. күні 6-7сыныптар арасында «Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар»атты  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сұрақтар  сайысыжүргізілді. 5А,5Ә сынып оқушылары  әр тақырыпта дайындалған сұрақтарға жаңылмай жауап беруде жоғары білім деңгейін көрсетті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

10.09. күні 5-6сыныптар аралығында «Ұлттың ұлы ұстазы – А.Байтұрсынұлы» ашық сынып сағаттарыөткізілді.

Осы күні тарих пәнінің мұғалімі Мақыш Т.Т жоғары сынып оқушыларымен «Тіл  тарихы – ел тарихы» дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі, Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне деген құрмет жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.

11.09. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 5-8 сыныптар арасында

 «Тілдер әлемінде» атты  мәнерлеп оқу сайысын өткізіп, оқушылардың тілге деген құрметін, патриоттық сезімдерін қлеңмен жеткізудегі шеберліктерін көрсетті.

Осы күні информатика пәнінің мұғалімі Мұқаметжан Т.Д 9-11 сыныптар оқушыларының арасында «Ана тілі –білімнің кілті» атты  презентациялар мен бейнероликтер сайысын өткізіп, «Ең үздік презентация»  мен «Ең үздік бейнеролик» номинациялары бойынша бас жүлдегерлер анықталып, жүлделі орындар беріліп, жеңімпаздар марапатталды.

12.09 күні   5-10 сыныптар аралығында әдеби - сазды кеш өткізілді. Әр  сынып жеребе бойынша ұлт өкілдерін таңдап, сол халықтың салт-дәстүрін, амандасу салтын және ұлттық биін, әнін көрсетті. Соңында   барлық ұлттар бір шаңырақ астындағындай бірлік пен татулықты   әнге қосып, би биледі. Жеңімпаз сыныптар марапатталды. Әділ қазылар алқасы әділ шешім шығарып, жүлдегер сыныптар анықталып, марапатталды.