Қамқоршылық кеңес жиналысы хаттамасы №1

«Балқаш қаласы жалпы білім  беретін №5 орта мектебі» КММ

 Қамқоршылық кеңес  отырысы
 хаттамасы №1

 

Өткізілген  күні : 25.09.2018 ж

Қатысқандар:мектеп әкімшілігі,

ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері

 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

 

1.Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау

3. Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу (төрағасы, орынбасар, жауапты хатшы).

4.     Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру,бекітуге ұсыну

 5.«Мектепке жол» акциясына қатысу,аз қамсыздандырылған отбасы балаларына көмек көрсету

 1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Т.Абдуалиева сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген   «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесімен таныстырып өтті.

  Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.

-           Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

-           Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.

-          Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.

-           Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.

-          Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.

-         Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.

 

2.  Күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттері таныстырылды. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысыментөмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.  

 

Аты-жөні , тегі

Лауазымы

Құрамы

 

Жайнабеков  Бахыт  Исагалиевич

Наlyk инкассация

Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы

2

Асылбеков Жандос  Калкенович

Ішкі істер бөлімі бас инспекторы

мүшесі

3

Сейтжанов Қайыржан Арсланұлы

БМЗ ЦЭМ ЭУ   катодшы

мүшесі

4

Адамбаев Дулат Нургалиевич

ТОО "Торговая компания" жүргізуші

мүшесі

5

Тлеубеков Бексултан Комекбайулы

Ішкі істер бөлімі жүргізуші

мүшесі

6

Садыков Куат Абдибекович

ТОО "Казахмыс Смэлтинг бас инженер

мүшесі

7

Кайпбергенов Бахытбек Кымранович

ТОО"Казахмыс Смэлтинг" электромеханик

мүшесі

8

Касимова Гульжан Нурланбековна

ПО «БЦМ»Управление ООУ бас маман

мүшесі

9

Сабанбаева Нургуль Курманжановна

«Еркетай» шағын орталығы тәрбиеші

Хатшы

 

3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша А.Қ.Шакижанова    Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстырып,  кеңес мүшелерімен бекітті.

4.«Мектепке жол» акциясына қатысу,аз қамсыздандырылған отбасы балаларына көмек көрсету.

Кеңес төрағасы  Жайнабеков Б.И қамқоршылық кеңесінің негізгі мақсаты оқу-тәрбие жұмысына ата-аналар жағынан ықпал ету, мектепте туындаған көкейтесті міндеттерді шешуге қатысты болып табылады деп түсіндірді Республика көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылар үшін "Мектепке жол" акциясы  ұйымдастырылды. «Мектепке жол» акциясын қолдау ретінде мектебімізде «Бақытты балалық шақ мекені» тақырыбында іс-шара  өткізіліп әлеуметтік жағдайлары төмен отбасынан шыққан оқушылардың жаңа оқу жылына дайындықты арттыру мақсатында  қол ұшын созатын азаматтарды  акцияға бей-жай қарамай, қолдау, көмек көрсетуге шақырды. Нәтижесінде Қамқорлық кеңесінің мүшелері мектептің 11 оқушысына  61.000 теңге көлемінде  сабаққа керекті оқу құралдар  және киімдерінен  көмектер  көрсеті.

 

Қаулы етті:

    1.Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес «Балқаш қаласы ЖББ №5 орта мектебі »КММ -сінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын;

    2.«Мектепке жол» акциясы аясында  жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балаларына қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің қамтуымен көмек көрсетілу жұмысына үлес қосу жалғасын тапсын.

 

 

Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы :        Жайнабеков  Б.И

Хатшы:                                                         Сабанбаева Н .К