Психологиялық көмек

 

Емтиханға қалай дайындалу керек?

Мақсаты: Емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру.

Психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек.

Қиын ситуация кезінде өзіңді жоғалтып алмау үшін, шамадан тыс, мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ.Барлық нәрсені біртіндеп жасаған жөн. Емтиханға алдын-ала, біртіндеп, тыныштықты сақтап дайындала баста. Егер ойды жинақтау қиын болса жеңілін есте сақтап, қиын материалды үйрен. Ішкі қатаюдан, шаршағаннан арылу үшін жаттығуды күнделікті орында.

Көзің шаршаса не істейсің?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуыңа жағдай жаса. Кез-келген жаттығуды орындау керек.

- кезегімен жоғары - төмен жиырма бес секунд, оңға солға он бес секунд қара;

- көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

- ұзақтығы бір затқа жиырма секунд, сосын алдыңдағы қағазға жиырма секунд көзіңді тік;

- сағат тілі бойынша оған кері етіп көз қарашығыңмен және квадрат, үшдұрышты сал.

Күн тәртібі

Бір күнді үш бөлікке бөл:

- емтиханға дайындық күніне сегіз сағат;

- спортпен айналысуға,таза ауада серуендеуге, би алаңына баруға сегіз сағат;

- сегіз сағаттан кем ұйықтама және қажет болса түсте демалып ал.

Тамақтану

Тамақтану үш-төрт реттен және витаминге толы болуы керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Тағы да бір кеңес: емтихан алдында көп тамақтанбау керек.

Сабаққа арналған орын

Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр.Үстел үстіне сары және күлгін реңктен суреттер мен заттар қой,өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек

Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңнің барлығын қысқаша жаз, сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер. Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары

Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.

Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса, онда түсіну де жоғары.

Бөліп оқыған,бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз-аздап оқыған жөн.

Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.

Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастағаның жөн.

Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.

Жұмыс қабілетін қолдану шарты

Гимнастикалық жаттығуларды, яғни денені айналдыру, баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс, өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді.

Көзді сақтау үшін, әрбір жиырма-отыз минутта үзіліс жасау ( кітаптан көзіңді алып, ұзаққа көз тігу). Теледидардан хабарларды аз көру.

                       Ата - аналарға ҰБТ - ға дайындық жөнінде ұсыныстар

Құрметті ата - аналар!

Сіздердің назарларыңызға

ҰБТ-ға дайындық жөніндегі ұсыныстар.

Экзамен сөзі латын тілінен «сынақ» деп аударылады. 11 сынып оқушылары үшін ҰБТ тапсыру ауыр, жанды қинайтын сынақ болып табылады. Сондықтан бұл жағдайда бала ата-ананың қолдауын өте қажетсінеді.

ҰБТ тапсыруға көп бұрын балаңызбен қосымша пән етіп нені таңдайтынын талқылаңыз. Бұл дайындық жоспарын құруға көмектеседі: қай пәнге көп көңіл бөлу керек, ал қай пәнді жай ғана қайталап шықса жеткілікті.

ҰБТ алдында үйде барынша қолайлы жағдай жасаңыз. Бала сіздің қолдауыңыз бен мейіріміңізді сезіну керек. Бұл кезде баланы үй шаруасынан босатыңыз, уақытын емтиханға дайындалуға ғана жұмсасын.

Балаға материалды білетіндігіне сенімді болуына көмектесіңіз, өйткені бұл ол мектепте өткен материал ғой. Оның бар зейінін қойылған сұраққа аударуға үйретіңіз, әдетте жауап соның өзінде тұратын болады.

Балаңызбен ҰБТ алдында кешке ол дайындықты тоқтатып, далада серуендеп келіп, жуынып, уақытында ұйықтауға жатады деп келісіңіз. Соңғы он екі сағат білімін емес, ағзаны дайындауға жұмсалу керек.

Үйде жазбаша емтиханға дайындықты жиі өткізіңіз. Тестінің үлгі нұсқасын алып, балаға 3 сағат уақыт, таза қағаз парақтарын беріңіз. Уақытты белгілеңіз де, сынақтың басталғанын айтыңыз. Бұл уақытта баланы ешкімде, ешнәрсе де мазаламауға тиіс. Уақыт біткенде, сынақты тоқтатыңыз. Бала демалғаннан кейін тапсырмаларды баламен бірлесіп тексеріңіз. Қателерді түзеп, олардың неге болғанын талқылап көріңіздер.

Дайындық кезінде бала аздаған үзіліс жасап отыруын бақылауға алыңыз. Шаршамай тұрып дем алып алған – қатты шаршап кетпеудің ең жақсы емі екенін түсіндіріңіз.

Ата-аналар тарапынан ең басты көмек – олардың қолдауы мен өз балаларына деген сенімі.

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары

·                     - Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

·                     - Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.

·                     - Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.

Күн тәртібі:

·                     * күнді үш бөлікке бөл;

·                     * Тестке күніне 8-сағат дайындық;

·                     * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;

·                     * 8-сағаттан кем ұйықтама;

·                     * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.

Тамақтану:
Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

Тестке 1-күн қалғанда

·                     1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз.

·                     2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.

·                     3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.

·                     4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.

·                     5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.

·                     6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.

·                     7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

Тест күні

·                     1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.

·                     2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз.

·                     3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.

Тест күнгі тамақтану үлгісі:

·                     1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтабауғада болмайды.

·                     2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.

·                     3 .Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.

Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?

Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау, ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.

Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар.

·                     1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы

·                     2. Есте сақтаудың төмендеуі

·                     3. Сұрақты соңына дейін оқымауы

·                     4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы

·                     5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау

·                     6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық

·                     7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу

·                     8. Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді.

·                     9. Жүрек айну, іш ауру