Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығына 3-қосымша

"Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.12.2017  ( № 650 алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес қоғамы ( бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және ( немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысан бойынша 1-қосымшаға кәмелетке толмаған балаларға мұрагерлік құқығы бойынша тиесілі мүлікке иелік ету туралы анықтама;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  сәйкес нысан бойынша 2-қосымшасына ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтама;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  сәйкес нысан бойынша 3-қосымшасына меншік құқығы бар кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтама не осы мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі күні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.

      Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, мүліктің орналасқан орны бойынша "электронды" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады;

      2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      кәмелетке толмаған балаларға мұрагерлік құқығы бойынша тиесілі мүлікке иелік ету туралы анықтамаларды алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияда:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысан бойынша 4-қосымшаға өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің көшірмесі (нотариустан);

      4) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ - сымен немесе бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік номері порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (нотариустан);

      3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

      Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін анықтамаларды алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияда:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысан бойынша 5-қосымшаға өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус куәландырған сенімхат немесе баланың (балалардың) заңды өкілінің келісімі (мүлік ортақ болған жағдайда), қайтыс болуы туралы куәлік (қайтыс болған жағдайда), "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 112 бұйрығымен (бұдан әрі – № 112 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 тіркелген) бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда);

      4) көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда ішкі істер органдары беретін растау-анықтамасы);

      5) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ - сымен немесе бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік номері порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус куәландырған сенімхат немесе баланың (балалардың) заңды өкілінің келісімі (мүлігі ортақ болған жағдайда), қайтыс болуы туралы куәлігінің (қайтыс болған жағдайда), № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда) электрондық көшірмесі;

      3) көлік құралын тіркеу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда ішкі істер органдары беретін растау-анықтамасы);

      4) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

      5) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

      Кәмелетке толмағандардың меншік құқығынды тиесілі мүліктеріне иелік етуге анықтамаларды алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияда:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысан бойынша 6-қосымшаға өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус куәландырған сенімхат немесе баланың (балалардың) заңды өкілінің келісімі (мүлігі ортақ болған жағдайда), қайтыс болуы туралы куәлігінің (қайтыс болған жағдайда), № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда);

      4) банк салымының бар екенін растайтын құжат;

      5) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

      6) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ - сымен немесе бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік номері порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус куәландырған сенімхат немесе баланың (балалардың) заңды өкілінің келісімі (мүлігі ортақ болған жағдайда), қайтыс болуы туралы куәлігінің (қайтыс болған жағдайда), № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда) электрондық көшірмесі;

      3) банк салымының бар екенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

      5) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлігінің мәліметтерін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік (2008 жылдан кейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда), № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда), қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама (қорғаншыларға), мүлікті тіркеу туралы , көлік құралын тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама мәртебесі жіберіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысан бойынша қолхат береді. 7-қосымшаға

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық  және "Мемлекеттік қорғаншылық Кодексінің және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382  белгіленген талаптарға сәйкес Қаулысында келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және ( немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің не әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен " көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      14. Организм функциясы тұрақты бұзылған, өзіне - өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті

алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері не барып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында;

      3) www.egov.kz порталында орналасқан.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде, порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алу мүмкіндігіне ие.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

 

"Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан

Кәмелетке толмаған балаларға мұрагерлік құқығы бойынша тиесілі мүлікке иелік ету туралы анықтама

      Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары _________________ жылы туған кәмелетке толмаған _________________ __________ (баланың Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы) заңды өкіл(дер)і (ата-аналары (ата-анасы ), қорғаншысы немесе қамқоршысы, патронат тәрбиешісі және оларды алмастырушы басқа адамдар) ___ ____________________ жылы туған, ________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда) (жеке куәлік №__ ______ жылы ___________ берілген) салымшы (мұраға қалдырушының Т.А.Ә . (бар болғанда) ______________________ қайтыс болуына байланысты ________ жылғы нотариус берген (________________ жылы ________________ берген мемлекеттік лицензия № ______) заң/өсиет бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлікке сәйкес тиесілі инвестициялық табыспен, өсіммен және өзге түсімдермен бірге заңнамаға сәйкес _________________________ (мекеменің атауы) кәмелетке

толмаған баланың (балалардың) мұрагерлік құқығы бойынша тиесілі мүлікке иелік етуге рұқсат береді.

      Астана және Алматы қалаларының,

      аудандардың және облыстық маңызы

      бар қалалардың жергілікті атқарушы

      органдарының басшысы

      _________________ ______________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болғанда)

      Мөрдің орны

      Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.

 

"Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан

Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтама

      Кәмелетке толмаған(-дар) ______________________________________ мүдделеріне әрекет ететін Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары____________________________________________________ ________________________ _____________________________________ көліктік құралын ______________________ рұқсат береді.

      Астана және Алматы қалаларының,

      аудандардың және облыстық маңызы

      бар қалалардың жергілікті атқарушы

      органдарының басшысы

      ________________ _______________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болғанда)

      Мөрдің орны

      Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.

 

"Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан

Кәмелетке толмағандардың меншік құқығынды тиесілі мүліктеріне иелік ету туралы анықтама

      Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары _______ жылы туған кәмелетке толмаған __________________________ (баланың Т.А.Ә. (бар болғанда) заңды өкіл (дер)і (ата-ана (ата-аналар), қорғаншы (лар) немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші және оларды алмастыратын басқа тұлғалар) _____________ жылы туған, (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда) (жеке куәлік №____________ ______ жылы берілген) тиесілі инвестициялық табыспен, өсіммен және өзге түсімдермен бірге заңнамаға сәйкес __________ ___________________ (мекеменің атауы) кәмелетке толмағандардың меншік құқығынды тиесілі мүліктеріне иелік етуге рұқсат береді.

      Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшысы ___________ ____________________________________ (қолы ) (Т.А.Ә. (бар болғанда) Мөрдің орны

 

"Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша Нысан Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшысы

____________________________ мекенжайы бойынша тұратын, телефоны: азамата (ша) ______________________ ____________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда) жеке сәйкестендіру нөмері)

Өтініш

      Сізден, салымшы (Т.А.Ә. (бар болғанда) ________________________ қайтыс болуына байланысты _____________ (мекеменің атауы мұрагерлікке құқық туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі) кәмелетке толмаған балалар (Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________________ үшін алуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР  Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      "__" __________20__ жыл ______________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

 

"Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша Нысан Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшысы ____________________________ мекенжайы бойынша тұратын, телефоны: азамата (ша) ______________________ ____________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда) жеке сәйкестендіру нөмері)

Өтініш

      Сізден кәмелетке толмаған бала (балалар) ______________________ _________________________ _______________________________(балалардың Т.А.Ә. (бар болғанда) туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсету, 10 жастан асқан балалар қолдарын қойып, "келісемін" деген сөзді жазады) меншік құқығында тиесілі көлік құралына қатысты мәміле жасауға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР  Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      "__" __________20__ жыл

      ____________________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

 

"Кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшысы ____________________________ мекенжайы бойынша тұратын, телефоны: азамата (ша) ____________________________ ___________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда) жеке сәйкестендіру нөмері)

Өтініш

      Сізден кәмелетке толмаған балалар ________________________________

      (балалардың Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсетіледі, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, "келісемін" деген сөзді жазады) (мекеменің атауы) ________ ___________ салымдарына иелік етуге (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, шарттарды бұзу) рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді) _______________________

      Анасы туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді)

      _________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР  Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      "___" __________20__ жыл

 

"Кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының  басшылыққа алып, "Азаматтарға арналған Үкімет" 2 тармағын мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес қоғамы филиалының № __ бөлімі _____________________ ____________________

      ____________________ (мекенжайды көрсету) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты _________ ___________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________________;

      3) _______________________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (бар болғанда)

      (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) _______________________________ (қолы)

      Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________________

      Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы) "___" _____________ 20__ жыл