"Білім-ал" электронды мектеппен жұмыс

 

"Білім-ал" электронды мектеппен жұмысы туралы ақпарат

2018-2019 оқу жылының қыркүйегінен бастап «Білімал» электрондық мектеп өз жұмысын бастады. Жұмысты бастамас бұрын жылдық, айлық, апталық жоспарлар жасалып, бекітілді.

Электронды мектепте педагогикалық ұжым және шаруашылық қызметкерлері туралы толық ақпараты тексеріліп, толықтырылды.

Электорнды білімалға мектепшілік бұйрық шығарылып барлық пән мұғалімдері және мектеп қызметкерлері таныстырылды.Жаңадан келген қызметкерлер енгізіліп, жалпы база ретке келтірілді.

1.Басқару қызметкерлерін ақпараттық технологияларды қолдануға үйрету; білім беруді ақпараттандырудың, ұйымдастыру-басқару және нормативті деректер базасын құру (мектептің жұмыс жоспарын, әдістемелік бірлестіктердің, ұйымдардың жұмыс жоспарларын, пән мұғалімдердің күнтізбелік жұмыстарының жоспарларының жинағы);әр әдістемелік бірлестіктерді, ұйымдарды өз деңгейіндегі жұмыстарды атқаруға және  шешім шығаруға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру; мониторинг жүргізіп отыру (мектептің оқу-тәрбие үрдісінің жүргізілу деңгейін, білім сапасы мен оқушылар, мұғалімдер жұмыстарының рейтингісінің көрінісі) түсіндіріледі.
 

Жыл басында келген, кеткен оқушылар бұйрыққа сәйкес  электронды мектепке енгізілді.

2018-2019 оқу жылында әр сыныпқа сынып жетекшілерін тағайындау жөнінде    бұйрығына сәйкес директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Мусина мұғалімдердің пәндерін реттеп, сынып жетекшілердің сыныптарын бекітті. Сыныптың ауысқан сынып жетекшілеріне байланысты электронды мектептегі ақпараттар өзгертілді.

04.09.2018 жылы  педагогикалық ұжымға  логиндері мен парольдары уақытылы таратылып, жаңадан келген мұғалімдерге электрондық мектептің жұмыс істеу принципі үйретілді.

 

Әр апта сайын «Білімал» электронды мектептің атқаратын жұмыстарына апталық жоспарлар жасалады.

Жыл басында және І жартыжылдыққа  мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

Сынып жетекшілеріне оқушылардың, ата-аналардың логин парольдары берілді.

school.bilimal.kz сайты бойынша кіре алмай отырған мұғалімдер мен оқушыларға жұмыс істеу принципі түсіндірілді.

Педагогикалық ұжымның қойылған сауалдарына  bilimal.kz порталымен біріге отырып мұғалімдердің жауаптары қанағаттандырылды.

І тоқсанның аяғында сынып жетекшілерінен электронды мектепке пән мұғалімдерінің күнтізбелік, сабақ жоспарларын, бағаларын енгізгендіктерін тексеру мақсатында бағалар көшірмесі мен мониторингін тапсыру уақыты белгіленді.Қазіргі кезде мектебімізде 36 мұғалім  жұмыс істейді, 265 оқушы бар.