«Интернет және біз» тақырыбындағы тренинг – жаттығуы туралы ақпарат

 Қолданылған әдіс – тәсілдер:сұрақ – жауап, лекция, кеңес беру, әңгімелесу, ой бөлісу.

Мақсаты: Сыныптағы ұйымшылдықты, бірлесуді дамыту, психологиялық және дене қатаюынан, күштенуінен арылту, бітірушілерге өз күштерін тексеруге, өзін терең білуге көмектесу, жағымды көңіл – күй қалыптастыру және өнімді іс-әрекетке кедергі келтіретін мінез-құлқын өзгертуге көмектесу.

 Ең алдымен «Сәлемдеме хат» жаттығуы жүргізілді.Мақсаты: жағымды көңіл-күй, сынып ұйымшылдығын арттыру, эмпатия сезімін дамыту. Жаттығу 

  • Сәлемдеме жазу қиын болдыма?
  • Сіз сәлемдемені оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?
  • Тренинг – жаттығуды жалғастыруға дайынсыздар ма?деген үш сұрақ арқылы талқыға салынды. Талдау барысында өздеріне түскен сәлемдеме хатты оқығаннан кейін бойларына ерекше бір күш – жігер пайда болағандығын айтты.

  Жаттығудан кейін сенімділік туралы сұрақтар қойылып, қысқаша мәлімет берілді.

       «Дыбыстық гимнастика» жаттығуында оқушыларнұсқау бойынша берілген әріптерді хормен қайталады және айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндірілді.

Оқушыларға аффирмация туралы ақпарат беріле отырып, ойларын жақсы арнаға бұру, армандарының орындалуына көмек беру, өз – өздеріне сенімділіктерін арттыру мақсатында түлектерге арналған аффирмациялар берілді.

«Сөйлемді аяқта»жаттығуында «Интернеттің пайдасы мен зияны бар, бірақта сіз ....» оқушылар сөйлемді қайталап, көршісіне тілек айту арқылы жалғастырады.

                «Біздің топтың жүрегі» жаттығуы жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру мақсатында жүргізілді. Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге арналған өмірлік ережелер және күйзелістен арылудың жолдарын көрсесетін кеңестер берілді.

Тренинг – жаттығу соңында өткізілген сабақ туралы топ қатысушыларынан кері байланыс алынды.