Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №3

Мерзімі :  10.04.2018 ж

Қатысқандар:

Сейсембеков Б.А – қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Қеңес мүшелері:

Омаров А.А

Ыкыласбеков Қ.Қ

Сембин Ж.Қ

Джангутиев Ж.Т

Огай В.В

Репченко Е.А

Жапенова И.С

Сычева В.В

 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

 

  1. 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын талқылау ;
  2.  «Наурыз Думан -2018» мерекесін ұйымдастыру ;
  3. «Мектеп күні -2018»  мерекесін ұйымдастыру шаралары .

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы Б.А.Сейсембеков сөз алып,  отырысқа  қатысушыларды алдағы жоспарланған күн тәртібімен таныстырды. Елбасымыздың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауының басым тұстарын айтып,  технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басқан еліміздің алдында тұрған , бірлесіп атқаратын істерге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша  қамқоршылық кеңес мүшесі ,  ДС басшысы Омаров А.Асөз алды.Екі-үш жылдан бері табиғи жағдайларға байланысты өтпей келе жатқан ұлттық мерекеміз Наурыз мейрамын қайта жандандырып, бекет тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап,  рухани жаңғыру жолында көнеден келе жатқан  салт-дәстүр үлгілерін , ұлттық ойындар ұйымдастыруды ұсынды. Барлық ұйымдастыру шаралары, мерекелік концерт мектеп ұжымының жауапкершілігіне берілді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша , тәрбие ісінің орынбасары А.Қ.Мусина сөз алды.  «Қазақстанның жаңғыруы 3,0 – білімнің үлесі» тақырыбындағы мектеп күні мерекесінің екінші бөлімінің қалай ұйымдастырылып жатқанын хабарлады. Оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу,  «Мәңгілік ел» идеясын орындау,  «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағыттарын қолға алған бұл шараның балаларға берер тәрбиесі мол екені айтылды. Бұл шараға мектептің барлық оқушылары қамтылды. Әсіресе,  дарынды оқушылар, аз қамтылған отбасы, сәтсіз отбасы оқушылары басты назарда ұсталынды. Сонымен қатар қамқоршылық кеңес мүшелерінен демеу көрсету сұралды.

Қаулы етті:

  • Наурыз мерекесіне  орай теміржолшыларға концерттік бағдарлама ұйымдастыру А.К.Мусинаға жүктелсін;
  • Наурыз мерекесіне ат салысқан дарынды оқушыларға, аз қамтылған отбасы, сәтсіз отбасы оқушыларына темір жол ұйымдарынан  сыйлықтар ұйымдастырылсын;
  • «Мектеп күні -2018» мерекесін ұйымдастыруда демеушілік көмек  көрсетілсін.

 

Төраға:                     Б.А.Сейсембеков

Хатшы:                    И.Жапенова