«Өмірге ИЯ деп айт!»

«Өмірге ИЯ деп айт!»

республикалық ақпараттық науқаны аясында №24 орта мектебінде жүргізілген іс – шаралар туралы ақпарат

№24 орта мектебінде 10 ақпан және 10 наурыз аралығында баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аударумақсатында «Өмірге ИЯ деп айт!» акциясы өткізілді. Акция аясында жоспар құрылып, әр түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды.

Республика көлемінде өтіп жатқан науқан туралы ақпарат беру және баланың құқықтары,сондай-ақ әлеуметтік желілердің теріс ықпалына түскен жағдайда балаларға көмек көрсетудің кез келген түрлері туралы қоғамның ақпараттандырылуын арттыру; балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қызметіне ата-аналарды жұмылдыру мақсатында ата – аналар жиналысы өтті.

  

 5 – 11 сынып  оқушылары арасында олардың өмір, отан, сынып ұйымшылдығы сияқты құндылықтарын арттыру мақсатында «Өмір қымбатсың  маған!», «Отаным – бақыт мекені!», «Біздің  сынып  ұйымшыл!» тақырыптарында қабырға  газеттерін  шығару байқауы ұйымдастырылса,  «Болашағың  өз қолыңда!», «Жетістікке  жетудің қыры мен сыры!» тақырыбында мектеп оқушыларына тренинг – жаттығулар жүргізілді.

  

«Әдептілік– адамгершілік бастауы», «Мен және менің отбасым!», «Өз өмірім – өзіме құнды!», тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Өмір қымбатсың маған!», «Кең пейілділік пен жомарттық» тақырыбына шығарма жазу байқауы, сонымен қатар мектептің әлеуметтік педагогы  мен педагог-психологтың ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушыларына қазіргі кездегі әлеуметтік желі мен интернет ойындарының адам өміріне тигізетін әсері  туралы пікірталас жүргізіп, олардың келтіріп жатқан зиянды жақтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және таратпа қағаздар таратылды.