№24 орта мектебінде «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша 1-7 тамыз аралығында жүргізілген іс-шаралар ақпараты

 «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен акцияның жоспары құрылып, іс-шаралар атқарылуда.

Акцияның мақсаты– аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

Акцияны өткізу барысында балалардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып,  1 - 7 тамыз аралығында көмек көрсететін спонсорлар қамтылды.  Балқаш бекетінің 4 теміржол ұйымының басшылары 10 оқушыға көмек көрсетуге ұсыныс жасады.  Жалпы білім беру қорынан 49 оқушыға 373121 тг бөлінді.