Егер балаңыз агрессивті болса

  • Балаңыз қандай болса да сол қалпында жақсы көріңіз.

  • Жақындарының арасында агрессивті түрдегі адамдардан алыс ұстағаныңыз дұрыс болады. Бала жамандықты тез үйренеді, және соны қайталағысы келеді де тұрады.

  • Баладан талап ете отырып, өз қалауыңызды емес балаңыздың мүмкіндігін де қараңыз.

  • Балаңызды үлкендермен құрбыларының арасында дұрыс қарым-қатынаста болуын үйретіңіз.

  • Баланың ой-өрісін дамытыңыз.

  • Баланың сізбен біріккен еңбегін қадағалап орындалуына көңіл бөліңіз.

  • Баланың агрессивтігін елемеңіз, және қоршаған ортаның назарын аудармаңыз.

  • Баланың іс-әрекетіне қатаң тыйым салыңыз. Не себепті назарлық білдіруінтүсініп оны жоюға тырысыңыз.

 

Агрессивтілікпен күресу үшін:

 

  • Шыдамдылық. Бұл ең үлкен жауапкершілік ата-анаға жүктеледі.

  • Түсіндіру. Оның мінез-құлқы іс-әрекетінің дұрыс емес екендігін. Балаға қысқа әрі нұсқа түсіндіру керек.

  • Асықтырмау. Баланы жазалауға асықпаңыз. Жасаған ісінің қайталануын тосыңыз.

  • Марапаттау. Баланың жасаған жақсы іс-әрекетін мақтап отырыңыз, онда тағы қайталап мақтау үшін тағыда жақсы іс-әрекетт жасауға тырысады. Істеген әр жақсы іс-әрекетіне көңіл бөліп отырыңыз.