2015-2016 оқу жылында оқушылардың жаңартылған оқулықтармен қамтылуы туралы ақпарат

05.06.2015 ж «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ де  ата-аналар жиналысы болып өтті.  Жиналысқа  4,5,6, 11 сынып ата- аналары   қатысты.   Жиналыста  2015-2016  оқу жылындағы оқулықтар  жайы  қарастырылды.  Бірінші болып мектеп директоры Ахметова Қарлығаш Жексенқызы  оқулық мәселесi бүгiнгі  күнде өзекті  мәселеге айналып тұр,сондықтан  мектебіміздегі оқушы санының өсуіне байланысты негізгі пәндерді  ата-аналар бірігіп, мектепке  қамқоршылық  жасап, сатып алса деген пікірін білдірді.  Кітапханашы ата-аналарды ҚР Білім және Ғылым Министірінің 2014 жылғы 10 желтоқсанындағы №515 бұйрығы бойынша 4,5,6,11 сынып оқулықтары  жаңартылатынын  атап айтты. Ата- аналар мұндай жағдайда өздері шешім қабылдайтындықтарын білдірді.