Ертегі оқи білеміз бе?

Мектебіміздің кітапханасында  бастауыш сынып оқушыларымен  Ертегі  оқи білеміз бе?  тақырыбында  дөңгелек  үстел өтті.

Мақсаты: Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің  бір түрі  ертегі туралы түсінік беру.  Есте сақтау қабілеттерін арттыру. 

Дөңгелек үстеліміз  «Әжемнің ертегілері» өлеңімен басталды. Оқушылар өздерінің кішкентай күндерінен  оқыған  ертегілерін  айтып, ондағы кейіпкерлердің дыбысын сомдау арқылы, (образға ену) ортаға салды.

«Кім жылдам» ойыны ойнатылды онда оқушылар өздерінің ертегі кітаптарды көп оқитындығын көрсетті.   Іс-шара соңында   «Ертегілер еліне саяхат» кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Оқушылар ертегі кітаптарды оқу арқылы өздерінің  білімдерін  толықтырып, қызығушылықтары  артта түсті.