Ақпарат

Ұлы Отан соғысының батыры, атақты  Рейхстаг қаһарманы  Рақымжан   Қошқарбаевтың 90 жылдық мерейтойына  арналған   мектеп кітапханасында   тарихи танымдық сағат ұйымдастырылды.

Мақсаты:Оқушылар бойында адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы  Отанын сүюге  және  қорғауға   батырларға  тағзым етуге, құрметтеуге үйрету.

 Оқушыларға  Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен сұрапыл соғыста  жүріп өткен жолы  жайлы баяндап берілді.  1945 жылы 30 сәуірде қатардағы жауынгер  Григорий  Булатов  екеуі  Кеңес әскерлері  арасынан  Рейхстагқа алдымен  жетіп жеңіс туын  тіккені туралы  баяндап берілді.  Іс- шара соңында  Рақымжан Қошқарбаев  туралы  бейнеслайд   көрсетіліп, «Рейхстагқа ту тіккен» атты  кітап көрмесіне шолу жасалды.