Ақпарат

Тілдер мерекесіне орай, мектебіміздің кітапханашысы Дуйсенбекова Р.С ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында  «сөзмерген» сайысы өтті.

Мақсаты: қасиетті ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру,ана тіліміздің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін  түсіне білуге баулу, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.Тіл мәртебесін арттыруға ат салысуға тәрбиелеу.

Бұл сайыста оқушылар  «Тұлпар», «Қыран» топтары болып сынға түсті.Оқушылар бойынан еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншіліктерін көруге болады.Тіліміздің қадір-қасиетін бойларына  мақал- мәтел, нақыл сөздер, және жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы сіңіре алды. Айтулы күндерге байланысты сұрақтарға  жауапта бере білді.«Тілім менің-тірегім» кітап көрмесі де оқушылардың білімдерін нығайта түсті.

Аса шапшаңдық,білімділік танытып  «Тұлпар» тобы  І орынмен  марапатталса  «Қыран»тобы   «Тіл жанашырлары» деген номинациясымен  марапатталды.  Біздің оқушыларымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болып өсетініне осындай тәрбие сағаттары арқау болмақ.