№24 орта мектеп кітапханасы

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл, терең білуге.

 Артық білім кітапта.

  Ерінбей оқып көруге.

                             Абай

 

№24 орта мектебінің кітапханасы 1 қабатта орналасқан. Жалпы кітап қоры 15670 дананы құрайды.Электронды оқулықтар саны – 34 дана.Кітапхана жыл сайын оқушыларға үнемі қажетті оқулықтармен, оқу құралдары және әдістемелік көрсеткіштермен толықтырылып отырылады. Кітап-адам баласының ақыл-ойын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім  және тәрбие беретін құрал. Кітап сенің ақылшың, досың, сырласың. Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие алсаң, өсе келе ер жетіп, мектепке келгенде қолыңа ұстап, білім көзін ашатын,өмір қызығын көрсететін,дүниенің сырын ұқтыратын кілт- кітап екенін білесің. Кітап оқи білу адамның есте сақтау, түсіну, ұмытпау қабілеттерін арттырады. Бұл кітаптар қайдан шығатынын, онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері т.б. сақталатын қол жетпес алтын сандық десек те, артық болма Міне осындай қолжазбаларды қалай күтіп ұстау керек екенін жиі-жиі оқырмандарға насихаттап  отырамыз.
         «Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын - кітап», екенін білген, көптеген кітап сүйген оқырмандарымыз да бар. Іздегенін бізден сұрап, сабақтан тыс кезде келіп, көркем-әдеби кітаптарды оқитын оқырмандарымыз да аз емес. Міне осыған байланысты кітапхана күнделікті статистикалық есеп жүргізіп отырады. Бұл есеп кітапхана қорының қозғалысы мен оқырмандардың құрамын, санын айқындайды, кітап беру және библиографиялық жұмыстың мөлшерін айқындауға мүмкіндік береді.

  

Кітапхана  есігі оқырмандарға әрқашан ашық.

 

Кітапхананың құрылымы:

1

Кітапхананың көлемі 

48м2

2

Оқу залы, абонеменпен бірге      

1

3

Сақтау қоймасы

1

4

Оқу залындағы орындар саны

16