«Мектепке жол» республикалық акциясына қатысуға шақырамыз

Мектепке жол

«Мектепке  жол» республикалық акциясына қатысуға шақырамыз

Жетім және азқамсыздандырылған, қиын жағдайға душар болған бала тағдырына түсінікпен қарап, жәрдем беруге ниет білдіріп, қол үшін беруге тілек білдірген азаматтар саны, күннен-күнге артып келеді.

Біз, осы балаларға, олардың ата-аналарының орнын баса алмаймыз, бірақ біз оларға жүрек жылуы мен мейірім шуағын бере аламыз. Сіздер танытқан қайырымдылық пен мейірімділік олар үшін ерекше екенін білгеніміз жөн.

2014 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі арасында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.

 

Акцияға өзгенің тағдырына немқұрайлы қарамайын кез келген азамат қатыса алады.

Көрсеткен игі ісіңіз үшін Сіз ең қымбат сыйақы-балалардың қуаныш күлкісі мен шынайы алғысын аласыз!

Сіздердің қамқорлықтарыңыздың арқасында тағдыр тәлкегіне түскен, ата-ана қамқорлығынан айырылған және азқамсыздандырылған жанұя балалары 1 қыркүйекте мектепке жақсы көңіл күйде, оқуға деген ынтамен келе алады.

Ең бастысы олардың жүрегіне өмідің мейірімі мен жақсылыққа деген сенімін ұялатамыз!

 

Балқаш қаласы №24 орта мектеп, байланыс телефондары 8(71036) 6-99-16, 9-26-05, 9-27-06, 9-22-19, Е-mail: www. shkola24-balkhash