Бастауыш пән бірлестігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Жаңа педагогикалық технологиялардың көмегімен оқушылардың білімге қызығушылықтарын арттыру

Мақсаты:

Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізе отырып, кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызу және білім сапасын арттыруда мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, шығармашылық орта қалыптастыру

Міндеттері:

  • Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта тиімді қолдану;
  • Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал жасайтын әдістемелік семинарлар ұйымдастыру;
  • Дарынды балалармен жұмыс жасаудың озық тәжірибелерін таратуды жүйелеу және жақсартуда ғылыми-зерттеу орталығын құру; 
  • Мұғалімдерді жобалау-зерттеу әдістеріне үйрету;
  • Жас мамандар мен тәлімгерлер мектебін құру;
  • Әдістемелік оқулықтарды талқылау;
  • Озық тәжірибелерді насихаттау және тарату;
  • Әдістемелік жинақтар мен авторлық бағдарламалар құрастыруда шығармашылық топ құру;
  • Мектепте анықталған проблемалармен нақты жұмыс түрлерін құру (дарынды, үлгермеуші, үлгерімі төмен оқушылар);
  • Білім сапасын арттыруды оқушының білімі мен біліктілік деңгейін нақты бағалау;
  • Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының оқушының толық білім алуына мүмкіндік беру.