Ата -аналармен жұмыс

 

22 ақпан күні мектепте кезекті ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібіндегі «Мектепте жалпы құқықтық білім беру» сұрағы бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Қ.Коккозова баяндама оқыды. Осы тақырыпты жасөсіпірімдер ісі бойынша мектеп инспекторы, полиция капитаны Г.А.Тохтиева жалғастырып, өз жұмысы бойынша ақпарат берді және ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Күн тәртібіндегі келесі «Баланың ақыл-ойын дамытудағы кітаптың ролі» сұрағы бойынша мектеп кітапханашысы А.М.Шаймерден сөз кезегін алды. Кітапханашы баланың дамуындағы кітаптың маңыздылығы туралы айта келіп, мектепте өткізіліп жатқан әр түрлі акциялар мен «Буккроссинг» жұмыстарына тоқталды.

Баяндамашылардың ақпаратын басшылыққа ала отырып, ата-аналар жиналысының шешімі қабылданды.

 

Изображение

 

Күн көзіне шағылысқан аппақ ұлпа қар жер бетін жапқалы бірнеше күн болды. Балалар үшін қыс мезгілінің қызықты шақтары басталды.

Мектептің маңайы да осы күндері қызықты мүсіндер қалашығына айналды. Ата–аналардың көмегімен әрбір сынып қардан бір ертегі кейіпкерін жасады.

Аяз Ата мен Ақшақардың мүсіндері, түрлі шағын архитектуралық пішіндер оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар спорттық кордта мұз айдыны жасалды.

 

Мектебіміздің 1 сынып оқушысы Шорина Мерей де ата-анасымен бірге ертегі кейіпкері аюдың жасалуына көмектесті. Ол өз шығармасында:

Аппақ, аппақ қар жауды,

Ақ далаға айналды.

Қар басқанда маңайды,

Ақ мақтадан аумайды,-деп көрсеткен қыс мезгілі осылайша балаларға қуанышты сәттер сыйлауда.