Өзін-өзі басқару

Жалпы білім беретін лингвистикалық бағыттағы №16 орта мектептің денсаулық күніне арналған іс- шаралардың қорытынды ақпары

2015– 2016 оқу жылы

        

1-7 қыркүйек "Денсаулық күні - 2015"   арналған мәдени іс- шара « Біз салауатты  өмір салтын қолдаймыз!» атты салтанатты жиынмен ашылды.

         «Салауатты өмір салтын дәріптейік!» деген атаумен стендтер көркемделіп, суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

         Іс- шара спорттық ойындармен жалғасын тапты. Атап айтсақ, мектеп ауласының сол жақ қанатында 3- 4 сыныптар арасында 160 бала асфальтта сурет салса, 1- сыныптар сынып жетекшілерімен және «Айбын» жас жол инспекторларымен бірге жолда жүру ережесі бойынша тәжірибе сабақтарын жүргізді.

«Спортландия елінде» тақырыбымен мектептің спорт алаңында өткен көңілді стартқа 2- сыныптардан 100-ден аса бала зор ынтамен қатысты. Ал денсаулық күніне арналған футбол жарысына 5-6 сыныптан 66 оқушы, кіші волейбол сайысына белсене қатысып, өз жеңістерін көрсетті.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» қимыл қозғалыс ойындары 4-сыныптар арасында ұйымдастырылды.

 Сөйтіп, денсаулық күні мерекесінде мектебіміздің 1000-ға жуық оқушысы белсене қатысып, «спортпен шұғылдану –зор еңбек» екеніне көз жеткізді.

Марапаттау рәсімі 07.09. күні мектепшілік саптық жиында аталып, барлық жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады.  

  «Қауіпсіз мектеп»

«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы барысында мектебіміздің қабырғасында «Жолы болсын әркімнің» атты үгіт-насихат топтарының сайысы өтті. Сайысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға, қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау және де қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтауға, жол белгілерін ажырата білуге, жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

 

 

2015-2016 оқу жылы

«Арайлы Алтын күз...»атты күз мерекесінің қорытынды ақпары

Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету, оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектебімізде күз мерекесі 3 күн қатарынан атап өтілді. «Арайлы алтын күз» тақырыбында 5-6 және 7-8 сынып оқушылары арасында байқау түрінде өтті. Байқау таныстыру, сән үлгісі, икебана жасау немесе аспаздық өнер, күз өлеңдерін мәнерлеп оқыту және би жарысы сияқты 5 бөлімнен ұйымдастырылды.

Оқушылар өздерінің ұқыптылығын,  шымыр да шапшаң ой жүйріктілігін, талғампаздығын, таза әдемі болуға деген талпыныстарын байқаудың әрбір шартынан көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында:

-         5 В сыныбы – І орын;

-         5 А сыныбы – ІІ орын;

-         5 Д сыныбы – ІІІ орын;

-         5 Б сыныбы – «Өлең – жырдың пернесі» номинациясы;

-         5 Г сыныбы – «Ең сән киім үлгісі» номинациясы;

-         6 В сыныбы – І орын;

-         6 Б сыныбы – ІІ орын;

-         6 Д сыныбы – ІІІ орын;

-         6 Г сыныбы – «Шебердің қолы алтын» номинациясы;

-         6 А сыныбы – «Тал шыбықтай  бұралған» номинациясымен марапатталды. Ал 7-8 сыныптар арасында:

-         7 А сыныбы – ІІІ орын;

-         7 В сыныбы – ІІ орын;

-         7 Г сыныбы – І орын;

-         7 Б сыныбы – бас жүлде;

-         8 Г сыныбы – ІІІ орын;

-         8 А сыныбы – ІІ орын;

-         8 Б сыныбы – І орын;

-         8 В сыныбы – бас жүлдеге ие болды.

9-11 сынып оқушылары арасында күзгі кеш «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» тақырыбында ұйымдастырылды. Байқауда күз ханзадасы мен ханшайымы түрлі бөлімдерден өтіп, сынға түсті. Байқау соңында 9В сыныбының оқушылары күз ханзадасы мен күз ханшайымы мәртебесіне ие болды.

 Арайлы алтын күз 
 
 

 

 

 

Ұланбасы сайланды...

         «Ұлан басшысы» және «Балалар маслихаты» - мектеп көшбасшысы болып табылады, мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруына, мектеп оқушыларының қоғамдық жұмысына жетекшілік етеді, мектеп әкімшілігімен қарым-қатынаста олардың қызығушылығын айтады, мектеп жұмысын жақсарту бойынша оқушылар және өз атынан ұсыныстар енгізеді, педагогтар мен оқушылар арасындағы даулы мәселелерді шешуге қатысады. Осы мақсатта қыркүйектің 30-ы күні мектеп фойесінде сайлау өтті. Сайлауға 8-9 сынып оқушыларынан үміткерлер қатысты. Олар: Тастанбаева Амина, Жеңісова Ұлпан, Құрал Диана және Арғынбаева Айзада. Өзбағдарламаларын ұсынып, мектеп оқушыларына таныстырып өтті. «Ұланбасы» мен «Балалар маслихаты» сайлау кезінде 10-сынып оқушыларынан құралған сайлау комиссиясының шешімі бойынша 3 үміткер таңдалды. Дауыс беру нәтижесінде, басқалармен салыстырғанда ең көп дауыс жинаған үміткер «Ұланбасы» болып, дауыс жағынан 2 орындағы үміткер «Балалар маслихаты» депутаты болып есептелді. Өзін-өзі басқару кеңесінің төрайымы болып 3 орындағы кандидат тағайындалды. 52% дауыс жинаған 8А сынып оқушысы Жеңісова Аружан «Ұланбасы» қызметін атқара отырып, дауыс берушілердің және мектептің сенімін ақтауға және жоспар бойынша белсенді жұмыс жасауға сөз берді. Ал, 33% дауыспен Құрал Диана «Балалар маслихаты» депутаты, Тастанбаева Амина «Өркен» өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы болып өз орнына қайта сайланды. Олар келешекте де саясаттан қол үзбейтіндігін, сондай-ақ мектептің түрлі шараларына өз септігін тигізетінін жеткізді.

 

         

                                                                          

Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектептегі «Мен және менің полицейім» үш күндігіне байланысты жүргізілген жұмыстың қорытынды ақпары.

2015-2016 оқу жылы.

 

«Мен және менің полицейім» үш күндігіне байланысты №16 орта мектепте қазан айының 27-і мен 30-ы аралығында алдын алу іс- шаралары ұйымдастырылды. Іс- шараларға барлық сынып үздік қатысып, өздерінің қарсылығын түрлі көрініс, сұхбат арқылы көрсете білді.

«Жасөспірім және заң» тақырыбында  стенд көркемделді.

         27-шы қазан күні«Зиянды заттармен күрес»  атты тақырыпта 7 сынып оқушылары арасында мектебіміздің«Жедел полиция» тобы мектеп инспекторы дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге мектебіміздің әкелер кеңесі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қатысты. Сонымен қатар, мектеп инспекторымен жасөспірімдерге рұқсат етілмеген  жерлерге  9-11 сынып оқушылары рейд жасалды.

         28-ші қазан  күні мектеп инспекторы  «Заңды білу-құқық кеңістігінің кілті» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына  баяндама оқыды.

         Отырыста оқушылар мектеп инспекторына, бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын ортаға салып,  жастардың өмірі өз қолдарында екенін анық айтты.

Акция барысында «Жедел полиция» тобы ішкі істер бөліміне саяхат жасады.          Ұйымдастырылған іс-шараларға мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, медбикелер мен сынып жетекшілер, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер әрдайым қатысып отырды.    

28-ші қазан  күні мектеп инспекторы  «Заңды білу-құқық кеңістігінің кілті» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына  баяндама оқыды.

         Отырыста оқушылар мектеп инспекторына, бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын ортаға салып,  жастардың өмірі өз қолдарында екенін анық айтты.

Акция барысында «Жедел полиция» тобы ішкі істер бөліміне саяхат жасады.          Ұйымдастырылған іс-шараларға мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, медбикелер мен сынып жетекшілер, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер әрдайым қатысып отырды.