Оқу мерзімі, демалыс

    Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11(12) – сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

 

   Оқу жылының барысындағы каникул кезеңдері:

- 1-11(12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы 30 қазан – 5қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда);

- Мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы 30 қазан – 5қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз – 4 сәуірді қоса алғанда);

- Мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн мерзімде (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.