Эстетикалық пән бірлестігі

Әдістемелік тақырыбы:

 «Оқыту мен тәрбие үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы бойында негізгі құзыреттілікті  дамыту,шығармашылыққа бейім жеке тұлға қалыптастыру»

Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, халық педагогикасының әдіс-тәсілдері мен қазақ өнерінің озық үлгілерін үйретіп, өнерлі білікті, мәдениетті және денсаулығы мықты азамат етіп тәрбиелеу. Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып, қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру.

Міндеттері:

* Өз бетімен білім алу, ғылыми жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

*Кабинеттерді мазмұнды методикалық кешенмен жабдықтау;

*Мұғалімдердің өзіндік білімдерін көтеруді ұйымдастыру;

*Жас ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету;

*Жаңа әдіс-тәсілдерді жаңа педагогикалық технологияны үйрену;

*Оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізуге білуін дамыту;

*Жеке тұлғаның бойындағы қабілетін, танымдық белсенділігін ашу;

*Еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, шыншылдықты, жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру;

 *  Оқу тәрбие процесіне жаңа ақпараттық  технологияны қамтамасыз ету бойынша ғылыми ізденушілік және тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

*Халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, жаңа технологияны іс-тәжірибеге енгізу

*Мектепаралық, қалалық, облыстық сайыстарға қатысу.

Бірлестік бағыты:

«Өнер мен спортқа тәрбиелей отырып, ел болашағын ойлайтын еңбекқор, патриотты, салауатты тұлғаны қалыптастыру.»

Мақсат пен міндетке жету жолындағы әдістемелер

•         Оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жүйелеу;

•         Еңбекті мақсаткерлікке бейімдеу;

•         Практикалық әдістермен жұмыстар;

•         Сыныптан тыс жұмыстар;

•         Ашық сабақтар, айлық өткізу, көрме ұйымдастыру

•         Заттың жасалу технологиясы;

•         Технологиялық карта;

•         Шикізат материалдары, олардың техникалық, физикалық,        биологиялық қасиеттерін тану.

 

 

 Қала күні мерекесіне байланысты «Күз ырысы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.