Салауатты өмір салты

Күзгі эстафетадан жеңіспен оралды

Күзгі эстафетадан жеңіспен оралды

Қала бойынша мектептер арасында өткен дәстүрлі «Алтын күз» эстафеталық жарысында мектебіміздің оқушылары топ жарып, жеңіспен оралды. Жарыс өте тартысты және қызықты өтті. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеуге бағытталған бұл іс-шараға барлық мектептен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Жүйріктігі мен ептіліктерін көрсетіп, озып келген оқушыларымыз 10А сынып оқушысы Садвакасов Наурызбай, 11 А сынып оқушысы Амангелді Айбек, 9В сынып оқушысы Орынбаев Ануар, 9 А сынып оқушысы Омаров Манатбек, 9Г сынып оқушысы Ғаниолла Али жүлделі орынға ие болып, кубокпен және мақтау грамоталарымен марапатталды.

 

 

Денсаулық күніне арналған іс-шаралар өтті 

Денсаулық күніне арналған іс-шаралар өтті  

Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара.

2018 жылғы 9 қыркүйекте мектебімізде «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында спорт мәдениетін кең тарату мақсатында Астана уақытымен сағат 10.00-де «Қозғалыс–зиян емес, қозғалмау – денсаулыққа зиян» ұранымен жүру марафоны басталды. Жүру марафоны «Менің денсаулығым – елімнің саулығы» атты шарлармен безендірілген флеш-мобпен жалғасты.   Оқушыларды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру мақсатында мектептің спорт алаңында 6-8-сынып оқушылары арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Сайыста 5 топ жеті кезең бойынша сынға түсті.

3-сыныптар арасында «Әкем, анам және мен!» отбасылық- спорттық ойын өткізілді. Денсаулық күнінің іс шараларына қатысушылар мерекелік көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

 

 

 

«Толағай» отбасылық сайысы

«Толағай» отбасылық сайысы

Қыркүйектің 15-і күні сенбілік демалыстарын 1 сыныптың оқушылары мен ата-аналары қызықты спорттық ойынмен бастады. 1-сынып  мұғалімдері оларға арнап Отбасы мерекесіне орай  «Толағай» отбасылық сайысын ұйымдастырды.    Ата-аналарды қатыстыра отырып өткізілген бұл сайыстың мақсаты баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған міндеттерді орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

 Сайысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.О.Жақыпбаева мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Әбілмаш төрелік етті.

«Толағай» отбасылық сайысына қатысқан 6 отбасы 8 сайыс түрі бойынша бақтарын сынап, әр кезеңде  белсенділік танытты.  Төрешілер сайыс соңында  ұпай сандарын есептеп, нәтижесінде «Қыран», «Бүркіт» топтары І орынды, «Барыс», «Болашақ» топтары ІІ орынды, «Бірлік», «Береке» топтары ІІІ орынға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды

«Халық арасында спорттың бұқаралық сипатталуы на және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек...» - деп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, өскелең ұрпақ - біздің ертеңіміз болғандықтан олардың спорттық білімдерін арттырып қана қоймай, осындай іс-шараларды  көптеп ұйымдастыру жастардың салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға өз септігін тигізері сөзсіз.