“Күншуақ” сауықтыру орталығы

Жалпы білім беретін № 16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі Жаз – 2018 “Күншуақ” сауықтыру орталығының 4 – маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған іс – шаралар жоспарының ақпары

Жалпы білім беретін № 16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі  Жаз – 2018 “Күншуақ” сауықтыру орталығының  4 – маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған  іс – шаралар жоспарының ақпары

Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы - мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

     2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің  Қазақстаным» республикалық жастар  форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгінгі мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі».

   Мереке қарсаңында жалпы білім беретін № 16 лингвистикалық бағыттағы орта мектептің оқушыларына және Жаз-2018 “Күншуақ” демалыс орталығының демалушыларына арналған іс – шара ұйымдастырылды.

     «Күншуақ» жазғы сауықтыру орталығының тәлімгерлері  А.С.Ногайбекова, А.С. Мұхаметжанның ұйымдастыруларымен «Мемлекеттік рәміздер-ұлтымыздың мәртебесі» стенд көркемделіп, «Рәміздері елімнің»  кітап көрмесі жасалды.  Мерекелік іс-шарада сағат 09:00-де «Еліміздің Ата Заңы» атты бейнеролик көрсетілді. Келесі іс – шара 10:00- де «Ел жүрегі – Астана!» тақырыбында плакатттар байқауы өтті. Сағат 11:00-де 4 – маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған «Ел рәміздері-елдігімнің реңі, тәуелсіздік тірегі» аттысаптық жиын болды.Саптық жиынға мектеп оқушылары мен ұстаздары тегіс қатысты. 12:00-де «Еліміздің рәміздерін құрметтеу әр азаматтың міндеті» атты тәрбие сағаттары жүргізіліп, «Рәміздер-менің елімнің мақтанышы» флеш-мобымен аяқталды.

 

 

 

Жаз – 2018 “Күншуақ” демалыс орталығының 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс – шаралар жоспарының ақпары

Жаз – 2018 “Күншуақ” демалыс орталығының 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс – шаралар жоспарының ақпары

Жалпы білім беретін № 16 лингвистикалық бағыттағы орта мектеп КММ

Жаз – 2018 “Күншуақ” демалыс орталығының 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс – шаралар жоспарының ақпары

   Мереке қарсаңында жалпы білім беретін № 16 лингвистикалық бағыттағы орта мектептің оқушыларына және Жаз – 2018 “Күншуақ” демалыс орталығының демалушыларына арналған іс – шаралар ұйымдастырылды.

   Мерекелік іс – шара сағат 09:00-де «Балалық шақ – балдәурен» атты салтанатты жиыннан басталды.

          Орталық басшысы П.А.Арыстанбекова балаларды 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Сонымен қатар тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, тәлімгерлер олармен әр түрлі конкурстар өткізді.

         «Балалық шақ – балдәурен» атты іс-шара флешмобпен аяқталып, әр топ балаларына балмұздақтар таратылды.

Сағат 10:00-де I, II топ тәрбиеленушілері оқушылар сарайына, III.IV топ тәрбиеленушілері кітапханаға барып, түрлі іс-шараларға белсене қатысты.V, VI топ тәрбиеленушілері қалалық іс – шараларға қатысып, мақтау қағаздарын алды.