Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебіндегі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2017 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін халыққа кеңінен жария ету мақсатында мектептің кіре беріс дәлізінде яғни ата-аналарға қолжетімді жерде «Ата-аналар назарына» атты стенд ілінген. Стендте «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі» тақырыптары бойынша әзірленген кітапшалар мен ата-ананың құқықтары туралы мағлұматтар берілген. Кітапшалар түрлі түсті қағазда шығарылған және тура осындай кітапшалар ата-аналарды қабылдау бөлмесінің қабырғасына ілінген, бірнеше данасы үстелге жайылған. Ата-аналар өтініш жазғанда оқуға ыңғайлы жерге орналасқан.

 

1.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша құжаттары жүйеленіп, жыл көлемінде 222 адамға  қызмет көрсетілді.

2.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша құжаттары қабылданып, 6 адамға қызмет көрсетілді.

3.«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 1 адамға қызмет көрсетілді.

4.Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау – 65;

5.Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 4;

6.Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау – 17