25 қараша – «Жаһандық бастамалар»

Еліміздің жаһандық бастамаларын насихаттауға арналған бұл күні  мектебіміздің аға тәлімгері Г.Әбдірбаеваның және 

өзін –өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «ЕXPO-2017»  көрмесі жайлы оқушылардың білімдерін, таным қабілеттерін    арттыру мақсатында  «Энергия үнемдеуші технологиялар» атты өнертапқыштар байқауы өткізілді. 

Байқауға қатысқан 6- 7  сынып оқушылары Ахатов Бауыржан «Көше жарығын фотором арқылы үнемді пайдалану» , Жәнібек Айшабибі «Ауыл тұрғындарына қуат алудың тиімді жолдарын ұсыну» , Жанатова Айзат «Тұрғын үй шатырына күннен энергия алатын батареяларды орналастырудың маңызы»  атты жұмыстарын ұсынды. Олардың жұмыстары  көрермендер арасында зор  қызығушылық туғызды .