23 қараша – «Мемлекеттік шекара»

23 қараша күні 9 сынып оқушылары арасында тарих пәнінің мұғалімі Т.Н.Абдинаның  ұйымдастыруымен  «Кең   байтақ Қазақстаным!» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы»  Заңын басшылыққа ала отырып, мемлекеттілік пен егемендіктің маңызды белгісі мемлекеттік шекара туралы білімдерін ортаға салды. Мемлекеттік  шекараларды халықаралық-құқықтық ресімдеу процесіндегі Мемлекет басшысының жоғары рөлін  атап  көрсетті.