Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл

21 қараша – Қазақстан Республикасының Конституциясы

21 қараша күні  «Ата Заң – ардақ тұтар айбынымыз!» тақырыбына салтанатты жиын өткізілді. Жиында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Байсеркина  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің мақсаты мен бостандық , бірлік, тұрақтылық, өркендеу секілді төрт негізгі идеологемаларына тоқталып өтті.  

   9 Б сыныбының үгіт насихат тобы  Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің тірегі   Ата заңымыздың тарихи маңызын оқушыларға кеңінен ашып, жеткізе білді. Сынып жетекшісі : Дуамбекова Б.К.

 «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі»тақырыбына арналған сынып сағаттарында  оқушылар  Ата Заңымыз жайлы   білімдерін одан әрі  толықтыра түсті.