Сүйікті қаламызға 80 жыл

«Туған жерге тағзым»

Қаламыздың 80 жылдық мерейтойына байланысты мектебімізде түрлі іс-шаралар жоспарланып, ұйымдастырылуда. Сондай шаралардың бірі «Туған жерге тағзым» атты фото көрме өткізілді. Көрменің мақсаты оқушыларға туған қаламыздың тарихы, өнеркәсібі мен мәдениеті жайында мағлұмат беру.  Көрмеге қойылған фотосуреттерді 9 сынып оқушылары мектеп оқушыларына түсіндіріп, көптеген мәліметпен таныстырды.

13.09.16.  күні «Әсем қала, ару қала- Балқашым!»  тақырыбында стендкөркемделіп  ,мектеп кітапханасында кітаптар көрмесі  ұйымдастырылды.

17.09.16. күні  1 сыныптар арасында «Әкем, шешем және мен»  отбасылық спорттық сайысты 1 А сыныбының сынып жетекшісі Г.К.Буданова ұйымдастырды. 6 сыныптан 6 отбасы қатысқан сайыс өте тартымды өтті.