Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау

Білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

ОЖСБ-ның мақсаты:

-          бастауыш мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу;

-          негізгі мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау.

ОЖСБ-ның міндеттері:

1)      білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау;

2)      оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3)      білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында бланкілік немесе компьютерді түрде жүргізіледі.

ОЖСБ тестіленушілер білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

Тестілеу оқыту тілінде тапсырылады.

Тестілеу тапсырмалары жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламалардың шеңберінен шықпайды. Тест тапсырмалары бойынша толығырақ мұнда таныса аласыз.

ОЖСБ 4 пен 9 сыныптарда өткізіледі:

-          4-сыныптарда 2 пән бойынша жүргізіледі және оның тізбесін жыл сайын уәкілетті орган айқындайды. Тестілеуге 1 сағат 10 минут (70 минут) уақыт беріледі.

-          9-сыныптарда 2 пән: қазақ тілі және басқа жалпы білім беру пәндері бойынша жүргізіледі, оның тізбесін жыл сайын уәкілетті орган айқындайды. Тестілеуге 2 сағат 10 минут (130 минут) уақыт беріледі.

ОЖСБ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

ОЖСБ-ның нәтижелерін өңдеу Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарында жүргізіледі.

4 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

-         әр пән бойынша 15 бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы;

-        оқу сауаттылығын бағалауға арналған 2 мәтін, әрбір мәтінге 3 тест тапсырмасы.

сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

-       қазақ тілі пәнінен – 20 бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы. Оның ішінде оқу сауаттылығын бағалауға арналған 1 мәтін, мәтінмен жұмыс істеуге арналған 5 тест тапсырмасы;

-  басқа пәндерден – 40 тест тапсырмасы. Оның ішінде 25 – бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы, 15 – бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы.

Тест тапсырмаларының бағалануы:

- бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл;

- бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – дұрыс жауаптың бәрін таңдағанда 2 балл, бір қате жіберілсе (дұрыс жауаптың 1-уі табылмаса немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалса) 1 балл, екі немесе одан да көп қате 0 балл.