Өмірдерек

Дубирбекова Карлыгаш Шакаримовна (1969 ж. 17.07)

 

Туған жері:Қарағанды облысы, Шет ауданында туған.

Білімі:жоғары, Абай атындағы  Қазақ  мемлекеттік педагогикалық

университеті,

Мамандығы- тарих пәнінің оқытушысы

Еңбек жолы:

·        1986 жылы Приозерный ауданы (Шашубай қонысы) №3 мектеп – интернатын тамамдаған соң өз туған жері Қарабұлақ ауылында тәлімгерлік қызметтен бастады.

·        1991 жылы Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

·        2007 жылдан бастап «Лингвистикалық бағытта жұмыс істейтін №16 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде директорлық қызметке ауысты. 

·        2008 жылдың қыркүйегінен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп-100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған жаңа мектепке директор болып тағайындалды. 2008 – 2009 оқу жылында Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» аясында салынған жаңа білім ордасы оқу – тәрбие үрдісінде  «нәтижеге бағытталған сапалы білім беру моделіне қол жеткізуді» басты миссияға қойды.

·        «Менеджмент тұрғысынан басқару мен білім кеңістігінің сапалы  нәтижеге бағытталған инновациялық  моделін» тиімді, нәтижелі іске асырып, 2014-2015 оқу жылынан бастап білім беру мекемесі «мектеп-лицей» статусын иеленді.

Жетістіктері: Отандық білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін тәуелсіз Қазақстанның жаңашыл педагогтарына кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін  облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі  ғылыми-практикалық конференциялардың тұрақты, белсенді қатысушысы.

Зерттеу қызметінің басымдығы оқу-тәрбие үрдісінде : оқу-тәрбие үрдісін Менеджмент тұрғысынан басқару мен білім кеңістігінің сапалы  нәтижеге бағытталған инновациялық  моделі тақырыбында үздіксіз тәжірибелік ізденіс жұмыстары ғылыми-практикалық, теориялық конференцияларда 10-нан астам мақалалары жарияланған. 

Марапаттары: Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісімен және Қарағанды облысының әкімінің «Инновациялық білім беру ұйымдарының үздік педагогы» грантымен марапатталды (2014ж.)