«Білім көзі- кітапта» атты дәстүрлі әдеби-танымдық сағат

15  қазан күні мектеп-лицей кітапхана  кеңесі, "Жас өркен"  баспасөзі  оқушыларының ұйымдастыруымен  бастауыш сынып оқушылары арасында  «Оқу шаттығы облыстық жобасы  аясында мектепішілік  «Білім көзі- кітапта» атты дәстүрлі әдеби-танымдық сағаты өтті. Жүргізушілер кітаптың құдіреті жайлы айтып, «2Ә», «2А», «2Г»,   5 - сынып оқушыларының үш тілде дайындаған ертегілерден қойылымдар көрсетіліп,экран арқылы жас оқырмандар «Кім тапқыр?» ойынын ойнап кітап жайлы нақыл сөздерді, мақал- мәтелдерді шешті. Қала тұрғындары  арасында жас шамалары әртүрлі адамдар арасында   «Кітаптың  адам өміріндегі маңызы жайлы» жүргізілген сауалнамалардың бейнебаяны көрсетілді.  А.Гайдар атындағы балалар кітапханасының  қызметкері жаңа мобилдік кітаптарды  қалай пайдалану керектігін айтып өтті. Ата- аналар комитеті мүшелері қорытындылап     алғыстарын білдірді.  Іс - шараның мақсаты орындалды.