Құлжабаева Гөзел Әліпбекқызы –Университета Современных наук «Эурегио»(Бруссель) педагогика доценті .

Құлжабаева Гөзел Әліпбекқызы–Университета Современных наук «Эурегио»(Бруссель) педагогика доценті . «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журналының бас редакторы«Өсімдіктер әлемі» атты оқу-әдістемелік кешеннің авторы.Еліміздегі көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысып жүрген табиғат жанашыры. «Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне – әр ауылдық округте жиырма ағаш!» атты үндеуді жариялаған. Гүл мәдениетін дамыту мақсатымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, «Гүлстан» гүлбағында экскурсия ұйымдастырады, «Туған табиғатты аялайық», «Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан» т.с.с. игі шаралар мен тренингтік сабақтар өткізеді.

Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы  2005 жылдың наурыз айынан бастап, қазақ және орыс тілдерінде (таралымы 8000 дана)  жарық көріп келеді. Бастапқы кездері  қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрды. 2008 жылдан бастап тек қазақ тілінде жариялануда.  

Журналдың  мақсаты – гүл өсіру мәдениетін қалыптастыруда, жасөспірімдерді қоршаған орта мен өсімдік әлемін сүюге, экологиялық тәрбие берумен қатар  туған жерді гүлдендіруге баулу, осы салада  қазіргі заман талабына сай ұлттық кадрлар даярлау.

№15 орта мектебінің көгалдандыру жұмыстары   осы әлеуметтік серіктестердің көмегімен іске асырылады.