Кітапхана –адамзаттың рухани азығы!

Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшелігі, ол мектеп ұжымының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына, оқу бағдарламасының түрлерін жаңа кітаптарды, электронды әдеби шығармаларды, нұсқаулықтарды, әдістемелерді, оқулықтарды басқа да материалдарды ұсынатын ақпараттық орталық.

          "Рухани жаңғыру -жарқын болашағымыздың негізі" мәдени өнімдеріміз -рухани құрал алдымен кітап түрімен өркендеуі тиіс, сондықтан мектеп кітапханасында көпшілік жұмыстар республикалық "Бір ел-бір кітап" акциясына қатысу, "Кітап әлемді бағындырады " 2-11 сыныптар кітап сыйлау акциясы," Интернет орнына кітап", "Оқуға міндетті-100 кітап аллеясы" , дәстүрлі" Оқитын отбасы" сайысы, "Үздік оқырман""әдеби аукцион, буккроссинг, флешбук, поэтикалық марафон, библиофреш ұйымдастырылады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ақпараттық мәдениетін дамытуда рухани-құндылығы бай салауатты тұлғаны қалыптастыру үшін кітапхананың маңызы зор.

     "Мәңгілік ел" идеясын ұстана отырып,  Ұлы дала ұрпағына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орын- мектеп кітапханасы.

Кітапхана қызметінің  бағыттары:

  • кітапхана қорын ұйымдастыру;
  • оқу бағдарламаларына сәйкес оқу үдерісін және өздігінен білім алуды 
    ақпарат көздерімен қамтамасыз ету;
  • oқырмандардың дереккөздерге тәуелсіз қолжетімділігін қалыптастыру ;
  • жаңа кітаптарға ақпараттық библиографиялық  ақпарат күнін өткізу.
  • оқытуда озық халықаралық тәжірибені енгізу;
  • оқу мәдениеті мен сын тұрғысынан ойлауын дамыту, түрлі дереккөздер арқылы үштілділікті қолдау ;
  • білім беру, зерттеу және жобалау іс-әрекетінде оқушыларға қолдау көрсету.

   Мектеп кітапханасы ғаламторда еркін жұмыс жасау үшін заманауи компьютерлік техникалармен жабдықталған.

   Кітапхананың негізгі қоры - 35 212, оның ішінде оқулықтар 23250, электронды оқулық 1390, көркем әдебиет 1932, әдістемелік нұсқау 729, көрнекіліктер 1701 және білім беру дереккөздерімен жабдықталған.

      Кітапханада зерттеу жұмысы мен демалуға арналған оқу бөлмесі,  кітап қорын сақтау орны, оқу залына және келушілердің жеке шығармашылық жұмыс жасауына арналған компьютерлік торап ұйымдастырылған.