Тәжірибені тарату

         Білім беру мазмұнын жаңарту болашаққа бағдарлану – педагогтардың білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған. Қазіргі білім саласындағы тәжірибе білім беру үрдісінің мазмұны мен оның ұйымдастырылуына жаңа көзқарасты қалыптастыру, білім берудің жаңа технологияларын меңгеру -  оқушылардың білім беру бағдарын өз бетінше таңдауына негіз бола алады.

        2016  жылы қазан айында «Қарағанды облысы білім беру басқармасы, Қарағанды қаласы педагогикалық шеберлік орталығының филиалы, Қарағанды қаласы «Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалы арасындағы өзара серіктестігі» жөніндегі меморандумға қол қойылып,  осы аталған 27 білім беру ұйымдары  НЗМ ДББҰ-ның іс-тәжірибесін  тарату үшін базалық мектеп болып бекітіліп, жұмыс жасаудамыз. Жалпы білім беретін мектептерге НЗМ ДББҰ кіріктірілген білім беру бағдарлама идеясын жеткізу және тәжірибесін тарату және идеяларды іске асыру мақсатында 9 магниттік мектептермен бірге қаламыздың тәжірибелі мұғaлiмдерінің кәсiби-бaзaлық бiлiмдерiн негiзге aлa отырып, қaлыптaсқaн iс-тәжiрибесiн жоққa шығaрмaй, олaрды жетiлдiре отырып,  инновациялық педагогикалық технологияларды  қажетті деңгейде қолдану арқылы білім мазмұнын жаңартуға бағытталған жұмыстар  жалғасуда.

        2016-2019 оқу жылдарына Мектептің даму жоспарының IV стратегиясына  «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін енгізу-заман талабы  бойынша Балқаш қаласының жалпы мектептеріне НЗМ ДББҰ –нің тәжірибесін тарату үшін кадрлық, ақпарттық  және ұжымдық-әдістемелік жағдай жасалады.

Күтілетін нәтиже:

-  Басқарудың көшбасшылық моделі қалыптасады. Менеджмент  жүйесі жетіледі. 

-  Нәтижеге бағытталған білім сапасы артады, білім беру үрдісін шынайы бағалау жүйесі енгізіледі;

-  Мұғалімдердің өзін –өзі дамытудағы кәсіби біліктіліктері мен құзыреттіліктері жоғарлайды;

-  НЗМ-нің іс-тәжірибесі негізінде оқушылардың зияткерлік әлеуеті артады, инновациялық білім беру модельдері жетіледі.

-  Ұлттық  және әлемдік құндылықтарды бойына сіңірген көптілді, құзыретті тұлға дамиды;

-  Бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты, табысты оқушылар үлесі артады; 

-  Колоборативті орта негізінде сенім және ынтымақтастық нығаяды.

    Осындай мақсатта оқу жылының басында НЗМ тәжірибесін қала мектептеріне трансформациялау бойынша сауалнама жүргізіліп, жоспар құрылды.