«Халық педагогикасы арқылы көптілді және этномәдениетті тәрбие беру»

    2012-2013 оқу жылында «Таңшуақ»  шағын орталығында «Халық  педагогикасы  арқылы  көптілді және  этномәдениетті тәрбие беру»тәжірибелік экспермиенттік бағдарламасы іске қосылды.

     Қазақстан Республикасында  2011-2020 жылдары  білім беруді дамыту мемлекеттік    бағдарламасына сүйене отырып, Қазақстан  Республикасының  «Тіл»  Заңына   тілді меңгеруге деген қызығушылықты  ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге  қабілетті тұлға тәрбиелеу, үш тілді -қазақ, орыс және ағылшын тілдердін жетік  меңгертуді мектепке дейінгі тәрбиеден  бастадық.

     XXI- ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас  ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.

    Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер  бастау алуда. Білім сапасын арттыру мақсатында білім мен тәрбие беру технологияларын ендіру мен тиімді жұмыс тәсілдерін кеңінен қолдану мәселелері бой көтеруде.

     Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, тәрбиешілердің, әрине ата-аналардан шығармашылық себептерді талап етеді.

    Адамгершілік- қоғамдық  өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қауымдық, халықтық игі-іс әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.

   Біз осы бағдарламаны мектепке дейінгі естиярлр тобы (4-жас) және мектепке

 дейінгі ересектер тогбы (5-жас), мектепалды даярлық топ (6-жас ) шамасындағы балалармен бастағанды жөн көрдіп әр халықтың этномәдениетін, тілін үйрету, өнеріне, салт-дәстүріне тәрбиелеу әр тәрбиешінің міндеті.

   Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуын,

  олардың  мектепке деген  дайындығын қарастырады.

  Шағын орталық эксперимент бағдарлама  жұмыстарын қыркүйек айынан бастады.

   2012-2013 (дайындық кезеңі)

   2013-2014 (іске асыру кезеңі)

   2014-2015 (қорытынды кезеңі)

Онда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері  күннің екінші жартысында балалар  ұйқыдан      тұрғаннан кейін болады.  Аптасына  1сағат-этнопедагогика, 1сағат- орыс  тілі,

1 сағат-ағылшын тілі өтеді.

  Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері  балалармен ойын түрінде өтеді.

   Қыркүйек айында тілдер мерекесі қарсаңында  ересектер тобында  этнопедаг балаларға әр халықтың ұлттық ойындарын ойнатып, оларды ойын  арқылы  қимыл –қозғалыстарын дамыта білді.

Екінші сәбилер тобында  орыс-тілі сабағы бойынша орыс халқының «Үйшік» ертегісі арқылы қуыршақ театры арқылы көрсетіп, балалардың тілін дамытты.

   Ересек тобында  ағылшын тілі мен дене шынықтырудан   кіріктірілген сабақ өтті.