Жалпы білім беретін №8 орта мектеп

 

"Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балқаш қаласы жалпы білім беретін №8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Директор
Токейбекова Айгуль Токеновна

 

   Біздің тәуелсіз, жас мемлекетіміздің басты даму бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды  жоғары, әлемдік стандарттарға сай деңгейге көтеру болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын ерекше назарда ұстап,   оны – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы ретінде көрсетуі де сол мақсатқа жетудің кепілі деп білеміз. Бүгінде Қазақстанның білім беру парадигмасы ҚР Конституциясы, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасы, білім беру саясаты, заңдар мен ресми құжаттарды терең талдау нәтижесінде қалыптасып келеді.
  Педагог жұмысы – білімнің, жауапкершіліктің қандай да бір мәселені шешуге қатысудың, білім беру технологияларын меңгерудің, еңбекке деген дұрыс қатынастың, белгілі нәтижеге қол жеткізудің негізінде қалыптасатын ауқымды еңбек.
  Еліміздің, облысымыздың, қаламыздың осы тұрғыда алға қойған мақсаттарын орындау жолында біздің мектеп ұжымы да өзіндік үлесін қосып келеді.
   Биылғы оқу жылында мектебімізде 70-тен аса мұғалім 600-ден аса жас өркенге білім мен тәрбие беруде. Әрине мектеп алдында  осы жолда ауқымды міндеттер тұр. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды
Мектебіміздің сайтында оқу-тәрбие үрдісіне байланысты әрқилы мәлімет жинақталған. Сайт арқылы біз мектеп өміріндегі барлық жаңалықтармен бөлісеміз, жетістіктерімізді жариялаймыз. Кез келген уақытта Сіздер кажетті ақпаратты осы сайттан таба аласыздар. Сайтымызға қош келдіңіздер!

Құрметпен мектеп директоры Токейбекова Айгуль Токеновна.